Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты: Басты міндет – елмен етене жақын болу

Газет мақаласы "Айқын" газеті №130

Басты міндеті – партия мен халықтың арасын жа­қындату және бұрын Ел­ба­сы бас­тамасымен қабылданған мем­ле­кеттік бағдарламаларды түсін­діру, олардың жүзеге асуын ба­қылау

Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты: Басты міндет –  елмен етене жақын болу

– Халықтың әл-ауқатына баса көңіл бөліп, елмен етене жұмыс іс­теп келе жатқан Nur Otan пар­тия­сы осы кезге дейін қандай ау­қым­ды жұмыстар атқарды және оның негізгі міндеттері қандай?

– Nur Otan партиясының әр ке­зең­дегі өзінің міндеттері бар. Соны кезең-кезеңімен мейлінше адал әрі сапалы атқаруға тыры­сып келе жатыр. Басты міндеті – партия мен халықтың арасын жа­қындату және бұрын Ел­ба­сы бас­тамасымен қабылданған мем­ле­кеттік бағдарламаларды түсін­діру, олардың жүзеге асуын ба­қылау. Одан бөлек, жасанды ин­­теллектті дамыту, жемқор­лық­пен күрес сияқты жобалар бар. Б­а­са айта кететін нәрсе – Nur Otan өкілетті органдардың жұ­мы­сын мой­нына алмауы тиіс. Пар­тияның өзіндік бағыт-бағ­дары, жұмыс стилі болады. Сон­дықтан жұмыс тәсілдерін бас­қа­ша жүргізуі керек. Төмендегі бас­тауыш партия ұйымдарынан бас­тап ор­талықтағы партия бас­шыларына дейін жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдерін жаңалап, зама­науи бағытқа мойын бұрып, ескі стилді ұмытқаны жөн. Бұ­лай өз­геріс жасау партия өміріне пай­да әкел­месе, зиян әкелмейді. Әйт­пе­се ескіше жұмыс істеуді уақыт кө­­тер­мейді. Сосын жемқор­лық­пен күрес – дәл қазір біздің бас ауыр­тар басты проблемамыз. Оны­мен лайықты кү­ре­су партия­ның әрбір мүшесіне ерек­ше жауап­кершілік жүктейді. Мұндай ке­дергімен күресу үшін партия кү­ресті өзі ғана жүргізбеуі керек. Ол күреске қоғамды да тарта алуы қажет. Пар­тия­ның басты мін­деті де сол – әрбір іске қоға­м­ды жұмылдыру, жұртшылықпен тізе қосып еңбек ету.

– Жақында ғана Nur Otan пар­тиясы сая­си кеңесінің оты­ры­сы өтті. Сол жер­де де, оған дейін де пар­тияның жұмыс жүйе­сі жаңа­ратыны, тың серпілістер уа­қыты кел­гені айтылды. Өзіңіз пар­тия­­ның жандануынан қандай жаңа­лық күтесіз?

– Партия халыққа арқа сүйе­се, сол ха­лықтың мүддесін қор­ғай алған кез­де ғана нағыз ха­лық­тық партияға ай­налады. Со­нымен қатар партия адам­дар­­дың жұмыс істеу мүмкіндігін ашып, үлгі болуы тиіс. Адамдар өз бе­тін­ше жұмыс істеп, тіршілік қыл­маса, ешқандай игіліктің ке­ле сал­майтынын ұғындыруы қа­жет. Яғни, тек қана мемлекеттен сұрап, ақша тауып бер деген тұ­тыну­шылық көз­қа­рас­тан ары­л­уы­на да партия ықпал ет­­ке­ні жөн. Қоғамда түрлі сын-пі­кір­лер айтылады, талаптар қойы­ла­ды. Со­лардың ешбірі жауапсыз қал­мауы ке­рек. Ондай маңызды сұрақ­қа пар­тия­ның кез келген мү­шесі жауап бе­руге, терең тал­қылау жасауға, түсін­діру­ге әзір болуы керек. Қоғамдағы кез кел­ген өзекті сауалдың шешімін та­буға партияның әрбір мүшесінің сауаты жетіп тұруы керек. Осын­дай мәселелер кезінде бел­сен­ділік та­ныт­қан, жанын сала ең­бек еткен әр жер­дегі азаматтарды партияның орталық жұ­мыс­тары­на шақырып, сайлап, қыз­метке тартқан дұрыс болмақ.

– Алдағы уақытта партиядағы сай­лау­ға қатысу, депутаттарды ұсы­ну жүйе­сі өзгеруі мүмкін бе?

– Кез келген өңірдегі бас­шы­лар осы партияның арқасында қыз­мет етіп жатқанын ұмытпауы ке­рек деген ой­лар айтылуда. Со­нымен қатар мәслихаттарға да пар­тиялық тізіммен сайлау керек деген пікірлер айтылып жа­тыр ғой. Бұл дамыған елдерде кеңі­нен таралған үрдіс. Әсіресе, үздік отыз­­­дыққа кірген мемлекеттерде осы жүйе қолданылады. Пропо­рцио­налды сайлау жүйесін қа­лып­тастыру үшін бұл үрдістің біз­дің елде де енгізілуі өте құп­тар­лық іс. Жалпы, партияның ал­дында тұрған міндеттерінің бәрі ай­қындалды. Не істелуі керек, не нәрсе қолға алынуы ке­рек, бәрі егжей-тег­жейлі түсін­дірілді. Енді келген жаңа бас­шы­лық соған тың серпінмен кірі­сіп, халықтың көңілінен шығуды ой­лас­тыруы қажет.

 

Сұхбаттасқан
Абай АЙМАҒАМБЕТ