Кәсіпкер жастарға жол ашылмақ

Газет мақаласы "Айқын" газеті №138

«Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы және Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанаты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғалы бері аталған жобаға жастарды тарту мәселесі қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Алғашқы іс-шара Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Кәсіпкер жастарға  жол ашылмақ

Жуырда Солтүстік Қа­зақстан облысында «Жас кәсіп­­кер» пилоттық жобасы бойынша 600 адам кәсіпкерлік негізімен танысуға мүмкіндік алды.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліме­тін­ше, жастар екі апта бойы биз­несті жүргізудің қыр-сы­ры­мен танысып, маркетинг, на­рықты талдау дағдыларын меңгерген. Шара соңында олар бизнес-жобаларын қор­ғап, идеяларын ортаға салды.

– Менің тобымда 53 адам оқыды. Солардың 70%-і қыз­мет көрсету саласын таң­дап отыр. Араларында ин­но­вациялық, әлеуметтік жобалар да бар, – дейді «Жас кәсіп­кер» жобасының бизнес-жаттық­тыру­шысы Әрсен Оразалинов.

Жобаларын сәтті қорға­ған курсанттар 200 АЕК мөл­шерінде грант алу үшін өті­ніш бере алады. Петропавл қала­сының тұрғыны Григорий Родионов болашақта металл бұйымдарын жасамақ. Өз ісін ашуды жоспарлап отыр. Грант ұтып алған жағдайда ақшаны қондырғы сатып алуға жұмсайды.

28 жастағы Қайрат Жұмади Петропавлда емдеу-оңалту орталығын ашпақшы. Ойын жүзеге асыру үшін гранттан бөлек несие алуға ниетті.

– Қазір буыны сырқырап, омыртқа жотасы ауыратындар өте көп. Қалада арнайы тре­на­жерлары бар орталық сан­ау­лы ғана. Сондықтан менің ем­деу-оңалту орталығыма сұра­ныстың жоғары болатынына сенімдімін. Медициналық бі­лімім бар. Енді арнайы трена­жерларды сатып алу қажет. «Жас кәсіпкер» бағдарла­масы арқылы көптен бері ар­мандаған жұмысымды жүзеге асырмақшымын, – дейді Қайрат Жұмади.

Солтүстік Қазақстан облы­сында «Жас кәсіпкер» бағ­дарламасы бойынша екі лекте 600 адам білім алды. Олардың 70-іне алғашқы гранттар – 200 АЕК немесе 505 мың теңге бөлінді. Қалғандарының өті­ні­ші айдың соңына дейін қара­лады.

Айта кетейік, «Жас кәсіп­кер» жобасында оқы­ту­­дың құрамдас бөліктері қам­ты­лып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйе­мелдеуі қарасты­рылған. Осы жоба арқылы жастар іс­керлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, өздерінің жеке кәсібін аша алады. Жобаға қатысқан жас­тар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен қаржыландыруға мүмкіндік алады.