Тұрғындармен тығыз байланыс

Газет мақаласы "Айқын" газеті №154

Бүгінгі күні аймақ тұр­ғын­дары күрделенген мәселе­лер бойын­ша Nur Otan пар­тия­­сы­ның облыстық, қала­лық және ау­дандық филиал­да­рына қайы­­рылып, көптен күт­кен түйін­­ді жайлардың ше­­­шімін тауып, көмек сұрауы пар­тияға ха­­лық сенімділігінің арт­қанын көр­­сетсе керек. Сон­дай-ақ бұл халық пен би­лік арасын­да­ғы алтын кө­пір­ге айналған пар­тия тұжы­рым­дамаларының жү­зеге асып отырғанының дә­­­ле­лі.

Тұрғындармен тығыз байланыс

Әсіресе, облыс орталығынан шал­­ғай жатқан аудан тұрғындары­ның өтініш, талап-тілектерін на­­зар­ға алуда жергілікті пар­тия өкіл­дері де қырағылық таны­ту­да. Мысалы, Т.Рысқұлов ауда­ны­ның тұрғындары аудандағы ел­ді-мекендердегі автомобиль жол­дарын жөндеуден өткізу жә­не жол қауіпсіздігі бойынша ша­­­раларды қолға алса екен де­ген тілек білдірген екен. Осы өті­ніш аудандық партия фи­лиа­лы өкілдерінің қарауымен аудан әкім­дігінің тұрғын үй-ком­му­нал­­дық шаруашылық, жо­лау­шылар көлігі және автомобиль жол­дары бөлімінің басшысы Ма­рат Дауытбаевқа жолданған бо­латын. Бөлім басшысының ай­туын­ша аудандық бюджеттен 6 да­на бағдаршамды күтіп-ұстауға бө­лінген 3 600,0 мың теңгенің 699,9 мың теңгесін игеру үшін биыл маусым айында келісімшарт жасалыпты. Сондай-ақ қал­ған 2 700,0 мың теңгеге 55 жол бел­гі­лерін және орталық кө­­шенің бойында орналасқан ба­ла­бақ­ша­лардың және мектеп­тердің ал­дына алты жаяу жүргіншілерге өт­пелі жолағын сызып, бес жер­ге жаттық полицей орнатуға құ­жат­тар әзірленіп «ТНБ Групп» ЖШС-і жұмыстар жүргізіп отыр екен. Жол жөндеу бойынша биыл 8,8 шақырым екі аудандық маңы­зы бар автомобиль жолдарын жөн­­деуге («Қарақат ауылына кі­ре беріс» 2,1 шақырым 36 515,7 мың тең­ге және «Тереңөзек–Кө­ка­рық–Шолақ Қайыңды» 6,72 ша­қырым 119 926,9 мың теңге) бар­лығы 156 442,7 мың теңге қа­ра­лып, автомобиль жолдарын ор­таша жөндеу мақсатында Жам­был облысы әкімдігінің құры­лыс басқармасына бюджеттік тап­сырыс беріліп мемлекеттік са­тып алу конкурсы ойнатылып же­ңімпаздар анықталып, жұмыс-тар жүр­гізіліпті. Сонымен қатар 240 337,0 мың теңгеге 23 көшенің 22,4 шақырым жолдарын орташа жөн­деу мақсатында мемлекеттік са­тып алу конкурсы ойнатылып, жеңім­паздар анықталып жұмыс­тар басталыпты. Оның аяқталу мер­зімдері қыркүйек-қазан ай­ла­рын­да дейді мамандар. Соның нә­тижесінде биыл ауданда 396 779,7 мың теңгеге автомобиль және кө­ше жолдары жөнделеді екен.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кө­мек бойынша да тұрғындар өз өтініштерін жергілікті партия өкіл­дері арқылы анықтап отыр. Ал аудандық жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бө­лімінің басшысы Берік Ша­маев­тың айтуынша, биыл жалпы аудан­дағы көпбалалы отбасыларға 1 970 411,0 мың теңге қаражат бө­­­лініпті. Оның 1 849 800,0 мың тең­ге­сі республикалық бюджеттен, 120 611,0 мың теңге жергілікті бюд­­­жеттен қаралыпты. Өткен 8 ай­да аудандағы 2 533 отбасының 13 974 адамына 1 182 110,4 мың тең­ге атаулы әлеуметтік көмек та­ғайындалып, төленіпті. Сондай-ақ тұрғын үй көмегі бойынша жер­гілікті бюджеттен 3900,0 мың тең­ге қаражат бөлініп, бірінші қыр­­күйекке 54 отбасының 318 ада­мына 1650,0 мың теңге та­ғайын­­далған.

– Жергілікті өкілетті орган­дар­дың шешімі бойынша аза­мат­тардың жекелеген топтарына әлеу­меттік көмек көрсетуге биыл 28 004, 0 мың теңге қаралды. Оның 7 874,0 мың теңгесі – ؘоблыстық бюд­жеттен, 20 130,0 мың теңгесі – жергілікті бюджеттен. Бүгінгі күні 21 668,0 мың теңге 443 адамға тө­лен­ді, – дейді Берік Шамаев.

Сондай-ақ партия аудандық фи­лиалына қайырылған Луговой ауылының тұрғыны, мүгедек Тал­ғат Айходжаев туғаннан естімесе де, аяқкиім дүңгіршегін ашып, өз кә­сібін жүргізіп отырғанын ал­ға тартып, аяқкиім жөндеу дүңгір­ше­гін жөндеп беруге көмек сұра­ған болатын. Азаматтың бұл сұра­ны­сына құлақ түрген аудандық мәс­лихаттың депутаты Қанатбек Арыс­танбеков, Серік Дәлібаев, Қай­рат Мадалиев демеушілік та­ны­т­ып, 100 000 теңге көлемінде қар­жылай көмек көрсетті.

 

Жамбыл облысы