Ұлт тарихындағы жарқын тұлға

Газет мақаласы "Айқын" газеті №154

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына – 125 жыл. Осы орайда Түл­кібас ауданында Nur Otan партиясы Түркістан об­лыс­тық филиалы, облыс­тық мәдениет және тіл­дерді дамыту басқармасы мен Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйымдас­ты­руымен «Ұлт тарихын­да­ғы жарқын тұлға» іс-ша­расы өтті.

Ұлт тарихындағы жарқын тұлға

Салтанатты шарада аудан жұртшылығы алдымен Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» авто­сапарына қатысушылар мен қо­нақтарды күтіп алды. Шараға об­лыс әкімінің орынбасары С.Қал­қаманов, Nur Otan пар­тиясы Түркістан облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Б.Тәжібаев, Түр­кістан облыстық Қазақстан хал­қы ассамблеясы төрағасының орын­басар-хатшысы Ғ.Рыс­беков, аудан әкімі Н.Тұрашбеков, жа­зу­шы, халықаралық Алаш сый­лы­ғы­ның иегері М.Байғұт, фи­ло­софия және теология ғы­лым­да­ры­ның докторы Досай Кен­жетай және БАҚ өкілдері қатысты.

Делегация өкілдері 1915 жы­лы Алаш қайраткері, тұңғыш қа­зақ инженері М.Тынышпаев­тың басшылығымен соғылған Жаскешу ауылдық округі Рысқұл ауылының маңында орналасқан туннельмен танысып, Т.Рысқұ­лов­тың ата қонысы Рысқұл ауы­лын­дағы күрделі жөндеуден өт­кен ауылдық клубтың ашылу сал­танатына қатысты. Сонымен қа­тар қонақтар Түлкібас кентін­дегі тоғыз жолдың торабы – Түр­кісіб теміржолының бойында орналасқан қос қайраткер – М.Тынышпаев пен Т.Рыс­құ­лов­тың ескерткіштеріне гүл шоғын қойды. Шара барысында Т.Рыс­құлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайын аралаған делегация содан соң «Тұңғыш Президент» саябағына барды.

Мерекелік кеште сөз алған облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов Тұрар өмірі жай­лы қысқаша баяндама жасаса, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев қазақ халқының болашағы үшін күрес­кен тұлғаларды кеңінен насихат­тау қажеттігіне тоқталды.

Айта кетейік, С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай Nur Otan пар­тия­сының облыстық филиалы ұйым­дастырған «Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» экспе­дициясы Созақ ауданында бас­талып, Түлкібас ауданында жал­ғасын тапты.