Жарқын істің бастамасы

Газет мақаласы "Айқын" газеті №154

Еліміздің қоғамдық-сая­си өмірінде жүзеге асы­­ры­лып жатқан кешенді жаң­ғыру үдерістері халқы­мыз­дың өмір сүру сапасы­ның артуына, әлеуметтік жағ­да­йы­­ның жақсаруына және руха­ни дамуына ерек­­ше сер­пін беріп отыр. Бұл рет­те елдегі игі өзге­ріс­­тер­дің бас­­­та­уын­да тұр­ған – Nur Otan пар­тиясы.  Пар­тияның об­лыс­­тық фи­лиа­­лы төра­ғасы­­ның бірінші орынба­сары Ақма­рал Әл­на­­зарова­мен ұйым­ның іл­кім­­­ді істері жай­лы әңгіме өр­бімек.

Жарқын істің бастамасы

– Ақмарал Шәріпбайқызы, та­мыз­да Елбасы, Nur Otan партия­сы­­ның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың төрағалығымен Саяси ұйымның кеңейтілген кеңесі өтті. Сонда Елбасы партия жұмысын жаң­ғыртудың жаңа жеті бағыты ай­қындалды, бұл жайында не дей­сіз?

– Саяси кеңесте Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті «Сенім. Диа­лог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Онда партияның барлық деңгейдегі әлеуетін арттыру, белсенді партия мүшелерін топтастыру, партияның ядролық электоратын қалыптасты­ру, бастауыш ұйымдардың рөлін көтеру, жемқорлықпен күресті кү­шейту, партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдау, соның ішінде қоғамның ашықтығы, қиындықтарды, түйт­кіл­ді мәселелерді бүкпесіз ашық айту және шешу мәселелері қам­тыл­ды.

Әрине, бұл партиямыздың ең негізгі жұмыстары деп есептеймін. Себебі Nur Otan партиясының өкіл­дері ретінде халыққа жақын бо­лып, мұң-мұқтажын біліп, қолдау білдіру, халықпен кері байланыс орнату құралдарының тиімділігін арттыру қажет. Бұған жету үшін аймақтағы барлық пар­тия мүшесі ел өміріне белсенді араласып, халыққа жақын болуы тиіс. Сонда ғана партия халықтың мүддесін тиімді қорғай алады.

– Жеті бағыттағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсеңіз...

– Бағана айтқанымдай, алды­мен, халықтың сенімін ақтау үшін жұмыс істеуіміз қажет. Ол үшін кез келген мәселені ашық, әділ талқы­лау керек. Осы мақсатта партия заман талаптарына сай өзгеріп, нақ­ты реформаларды қолға алып жа­тыр. Мысалы, біздің партия филиалы да өз тарапынан үкіметтік емес ұйымдармен және түрлі әлеу­мет­тік топтармен байланысты кү­шейте бастадық. Оның ішінде ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдері, кәсіподақ ұйымдары және әлеуметтік желі белсенділері­мен кездесіп, қоғамдағы өзекті мә­се­лелер мен оларды шешу жол­да­­ры талқыланды. Ұсыныстың бар­лығы мемлекеттік органдарға жолданып, орындалуы бақылауға алынды. Осы нәрсе жоспарлы түрде жалғасын табуда. Сонымен қатар облыстық басқармалар, қа­ла­лық, аудандық бөлімдердің есе­бі партия алаңында тыңдалып, жол­­­ға қойылуда. Ондағы мақсат – мем­лекеттік орган басшы­ла­ры пар­тия мүшесі ретіндегі жауап­кер­ші­лігін сезінуі тиіс.

Оған қоса, бастауыш ұйымдар­ды оңтайландыруға шағын ұйым­дар ірі бастауыш ұйымдарға бірік­ті­рілді. Облыстық партия филиа­лы­на қарасты 272 бастауыш ұйым­ның 20-сы қысқартылды. 65 бас­та­уыш партия ұйымының жетек­ші­лері қайта сайланды. Қазір бас­та­уыш ұйым төрағаның 116-сы ау­мақтық филиалдардың Саяси ке­ңесі мүшелігіне, 44-і Саяси ке­ңес бюро құрамына енді. Негізі Қызылорда қалалық филиалында ең көп бастауыш партия ұйымдары шоғырланған. Бұған дейін 43 бас­та­уыш партия ұйымы жұмыс жаса­са, қазір 36-ға қысқартылды. Оның ішінде 32 бастауыш ұйымға же­тек­­ші етіп, белсенді азаматтарды қайта сайладық.

– Nur Otan партиясы Партия­лық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев Facebook парақша­сын­да «Соңғы 2,5 ай ішінде партия­лық тәртіп бұзған 79 мыңнан астам адам партия қатарынан шығарылды» деп жазған. Мұндай жағдайлар көп кездесе ме?

– Жалпы, Nur Otan партиясы­ның Жарғысында, Этика кодек­сін­де егер партия мүшесі сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқықбұзушылықтарға жол бергені үшін партия қатарынан шығарылады. Бұл – талап. Екі ай­дың көлемінде партиямыздың беде­ліне нұқсан келтірген, яғни сыбайластық фактісі бойынша 6 азаматты партия қатарынан шы­ғар­­дық. Оның 2-еуі – Арал, 3-еуі – Сырдария ауданы, 1-еуі – Қы­зы­лорда қаласының азаматы. Оның бірқатары 10 жылдан аса пар­тия мүшесі болып, соның арқа­сында жауапты қызметтерге дейін көтеріл­ген. Әрине, өкінішті. Бірақ заң – баршамызға ортақ. Партия мұндай әркетке жол берген азамат­тар­ды кешірмейді. Ондай аза­мат­тар­ға партияда орын жоқ.

Оған қоса, партия Төрағасы «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасында жемқорлықпен күресті күшейтіп, лайықты емес мүшелерді шығару керегін ерекше атаған. Міне, бұл бағытта облыстағы 51 350 партия мүше­сінің әрқайсысын жан-жақ­ты тексеріп, жыл басынан бері пар­­тиялық жарнапұл төлемеген және партиямен байланысы үзіл­ген 4 083 адам қатардан шығарыл­ды.

– Қазір адамның көбі әлеуметтік желінің ықпалын пайдаланып, түрлі проблемаларды көтеріп, билікті не болмаса партияны сынап жатады. Бұл халықтың партияға деген сені­мін жоғалтпай ма? Негізі әлеуметтік желідегі халықпен партия арасында диалог бар ма?

– Өте дұрыс айтасыз. Қазір халық әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысады. Бұл үдеріске заманауи коммуникациялар да тың серпін беріп отыр. Біз мұның барлығын партия филиалының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан да, жеке аккаунтарымыздан да кө­ріп, біліп отырмыз. Қоғам бол­ған соң түрлі сын да, проблемалық мә­селе де болады. Үшіншіден, пар­тия Төрағасы партияның әрбір мүшесі қоғамдағы өзекті мәселе­лер­ді әлеуметтік желілерде жан-жақты талқылаудан қашпай, ха­лық­тың пікіріне дәйекті жауап беріп, сын айтылса, оны конструк­тив­ті тұрғыда қабылдап, нәтиже беруіне жұмыс жасауды тапсырды. Осыған байланысты біз партия саясатын халық арасында кеңінен насихаттайтын спикерлер және әлеуметтік желілер мен блок плат­фор­маларда жұмыс жасайтын бло­гер­лер пулын жасақтап, олардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұ­мысты бастадық. Олардың құ­ра­­мында бастауыш ұйым төра­ға­лары мен белсенділері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, партия жақтастары да бар. Әрине, осы жерде отырған сіздің де, бол­ма­са желіде отырған сол азаматтың да өз көзқарасы болады. Бірақ ел­дің бірлігі мен қоғамдағы тұрақ­ты­лыққа келгенде сөз де, іс те, ұста­ным да ортақ болуы тиіс. Қазір атқарушы билік тарапынан да мұн­дай белсенділікке дұрыс көз­қа­рас қалыптасты. Біз барлық санаттағы азаматқа ашықпыз. Олармен бел­сен­ді жұмыс істеп, дұрыс бағыт беріп, қолымыздан келгенше кө­мек көрсетсек, әлеуметтік желі­де­гі ахуал да жаңаша формада жүреді.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан
Миуа БАЙНАЗАРОВА