Азық үшін төлін сатуға мәжбүр

Газет мақаласы "Айқын" газеті №155

Nur Otan партиясы орта жә­не шағын бизнесті дамытуға ай­рықша көңіл бөліп отыр. Пар­тия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аймақ­тар­да шағын бизнесті дамыту жұмыссыздықты азайтудың бірден-бір жолы екенін атап өткен болатын.

Азық үшін төлін сатуға мәжбүр

Жаңа жұмыс орындарын құру, ша­ғын және орта бизнеске мемлекет та­рапынан қолдау көрсетуге дайын. «Кәсіпкерлер несиемен қамтамасыз етілуде, бизнес ашуға жағдай жасалып, тексерулер саны азайды. Барлық ке­дергі жойылды. Егер партия Ұлттық кә­сіпкерлер палатасымен осы бағытта ты­ғыз ықпалдасатын болса, қажетті нә­тижелерге қол жеткізуге болады. Эко­номиканы дамыту арқылы ха­лықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұ­мыс істеу қажет» деді Елбасы. Кә­сіпкерлікті дамыту жергілікті ха­лық­тың әл-ауқатын жақсартады. Осы мақсатта партияның бастамасымен Мем­лекеттік бағдарламалар мен ре­формаларды жүзеге асырудың тиім­ді­лігін бағалау және мониторинг жүр-гізу орталығы жұмыс істейді.

Аталған орталықтың алғашқы оты­рысында бизнесті қолдауға және дамытуға арналған «Бизнестің жол кар­тасы — 2020» мемлекеттік бағдар­ла­масы жүйелі жүзеге асып жатыр. Оның дәлелі — Қостанай облысы Жі­­тіқара ауданында етті-сүтті бағытта сиыр бағуды қолға алған кәсіпкер Гүл­бадан Қоянбаеваның шаруа­шы­лығы.

Кәсіпкерлікті дамыту халықтың тұр­мысын жақсартуға оң ықпал етіп отыр. Мақсат – аймақтағы кәсіп­кер­лік­тің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы биз­нестің қыр-сырын үйрететін 6 ба­ғыт бойынша жұмыс жүргізеді. Соның бірі — «Даму» қорының «Бизнес бас­тау» тегін оқыту курсы. Кәсіпкер Гүл­ба­дан Қоянбаеваның айтуынша, биз­нестің әліппесінен бастап, қар­жы­лан­дыру, өркендетуді жан-жақты үй­ре­тетін курстың пайдасы көп.

— Жұмыссыз жүрген соң, аудан­дағы жұмыспен қамту бөліміне бар­дым. Мамандар тегін курс оқып, кә­сіп ашуға кеңес берді. «Атамекен» кәсіп­кер­лер палатасының «Бизнес бастау» жо­басына қатыстым. Биыл бір ай те­гін оқыдым. Бизнес жоспар жаса­дым. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қо­ры кәсіпкерліктің қыр-сырын үй­ретті, төмен пайызбен несие берді. Үйім­ді кепілге қойып, 3 миллион тең­ге кредитке 10 бас етті-сүтті ба­ғыт­тағы сиыр сатып алдым. Қаржының 10 процентін жем-шөп алуға жұмса­дым, — дейді кәсіпкер.

Қысы ұзақ аймақта мал басын кө­бейту де оңай емес. Кейіпкеріміздің ай­туынша, мал азығының қымбат­ты­ғы ірі қара санын көбейтуге қолбайлау.

— Мал өсіру оңай шаруа емес. Бі­рін­ші жылы пайда көрген жоқпын. Биыл малға жайсыз жыл болды. Жауын-шашын аз болған соң, жем-шөп жинау да оңайға соқпады. Бо­ла­шақта мал басын көбейтсем деймін. Бірақ жем-шөп қымбат. Мал азығы үшін төлін сатуға мәжбүрмін. Тех­ни­касы бар ірі шаруа қожалықтарына мал басын көбейту қарапайым шаруа­ға қарағанда оңай. Былтыр бизнес жос­пар жасаған кезде сүт сауатын жә­не жем-шөп даярлайтын аппарат­тардың қажеттілігін де жоспарымда жазған едім. Бірақ көмек болмаған соң, үмітімді үздім. Соған қарамастан, кә­сіпті бастау үшін қорықпай, қысы-жа­зы еңбектену керек. Қол қусырып қа­рап отыруға болмайды, — дейді Гүлбадан Қоянбаева.

Елбасының тікелей бастамасы­­мен қол­ға алынған кәсіпкерлерді қол­­дау бағ­дарламасы 2010 жылдан бері жү­зеге асып келеді. Оның мер­зімін 2025 жылға дейін ұзарту орта және ша­ғын кә­сіпкерлікті дамыту үшін қажет.