Мекеме басшылары есеп берді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалында қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысы талқыланды. Мәжіліске кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
Құрылыс сапасында кемшілік жоқ
Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аймақтарда қалай іске асып жатқанын бақылау мақсатында Nur Otan партиясы жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшелері кезекті рейд өткізді. Онда «Бес бастаманың бірінші бағыты бұқараны баспанамен қамту» мәселесі талқыланды. Қостанай өңірінде «7 – 20 – 25» мемлекеттік бағдарламасы арқылы үй алу тетіктерінің тиімділігі тілге тиек болды.
Мәжіліс депутаттары – Атырауда
Мәжіліс депутаттарының Атырау аймағына іссапарлары Азғыр өңірінен соң Махамбет ауданында жалғасты.
Бес әлеуметтік бастама талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Radisson қонақүйінде Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асу барысын қадағалайтын қоғамдық кеңестің жиыны өтті.
«Асыл Бөбектегі» жүздесу
Мәжіліс депутаттары мен Nur Otan партиясының мүшелері Светлана Унжакова, Евгений Козлов және Василий Олейник елордадағы № 64 «Асыл Бөбек» мамандандырылған балабақшасына барып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Жаңа әлемдегі жастар келбеті
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен #NurOtanPikir еркін пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті. Онда қатысушылар «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» тақырыбында ой қозғап, еліміздегі бүгінгі жастар саясаты, осы салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау және бүгінгі жас буынның бағыт-бағдары жайында сөз өрбітті. Отырысты ғалым, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізді.
Дәрігерлермен кездесті
Жұмыс сапарымен мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Александр Суслов және Ольга Шишигина, Светлана Бычкова, Аманжан Жамалов Павлодар облысына барды. Сол күні Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычконың қатысуымен Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының медицина қызметкерлерімен кездесу өтті.
Мәжіліс депутаттары – Ақмолада
Мәжіліс депутаттары аймақтарға арналған іссапары кезінде сайлау­шылармен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары­ның орындалу барысымен танысты.
Маңызды науқан
Аймақтағы ірі кәсіпорынның бірі «Жамбылгипс» АҚ-ында еліміздегі үлкен саяси науқан сайлаудың маңызы жөнінде жиын өтті. Жиынды өндіріс жөніндегі вице-президент Қайрат Мадиев жүргізіп, алғашқы хабарламаны «Жамбыл­гипс» АҚ бірінші вице-президенті Қаһар Момынов жасады.
Елбасы рөлі талқыланды
Қостанайда «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада «Сарапшы» саяси клубының бірінші отырысы аясында ұйымдастырылды. Кездесуге облыстағы саяси партиялардың басшылары, азаматтық қоғам, зиялы қауым, мәдениет пен білім саласының қызметкерлері қатысты.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 37 38 39 40 41 Келесі