Жаңа әлемдегі жастар келбеті
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен #NurOtanPikir еркін пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті. Онда қатысушылар «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» тақырыбында ой қозғап, еліміздегі бүгінгі жастар саясаты, осы салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау және бүгінгі жас буынның бағыт-бағдары жайында сөз өрбітті. Отырысты ғалым, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізді.
Дәрігерлермен кездесті
Жұмыс сапарымен мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Александр Суслов және Ольга Шишигина, Светлана Бычкова, Аманжан Жамалов Павлодар облысына барды. Сол күні Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычконың қатысуымен Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының медицина қызметкерлерімен кездесу өтті.
Мәжіліс депутаттары – Ақмолада
Мәжіліс депутаттары аймақтарға арналған іссапары кезінде сайлау­шылармен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары­ның орындалу барысымен танысты.
Маңызды науқан
Аймақтағы ірі кәсіпорынның бірі «Жамбылгипс» АҚ-ында еліміздегі үлкен саяси науқан сайлаудың маңызы жөнінде жиын өтті. Жиынды өндіріс жөніндегі вице-президент Қайрат Мадиев жүргізіп, алғашқы хабарламаны «Жамбыл­гипс» АҚ бірінші вице-президенті Қаһар Момынов жасады.
Елбасы рөлі талқыланды
Қостанайда «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада «Сарапшы» саяси клубының бірінші отырысы аясында ұйымдастырылды. Кездесуге облыстағы саяси партиялардың басшылары, азаматтық қоғам, зиялы қауым, мәдениет пен білім саласының қызметкерлері қатысты.
Ақынмен жүздесті
Nur Otan партиясының жанындығы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Сапарғали Бегалин атындағы Алматы қалалық орталық балалар кітапханасында «Ұрпақтар сабақтастығы – тәуелсіз Қазақстан іргетасы» атты жоба аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезекпен кездесу кеші өтті.
Сайлауға дайын
Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық шеңберінде сайлау заңнамасының ережесіне сәйкес, барлық өңірде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан президенттігіне кандидатты қолдау үшін қол жинау басталды. Петропавлда «С.Киров зауыты» АҚ ұжымының жиналысы өтті. Кездесуге қатысушылар Nur Otan партиясы XIX кезектен тыс съезінің шешімін бірауыздан колдады.
Дауыс беру – әр азаматтың парызы
Атырауда «Атырау – Жарық» АҚ еңбек ұжымының жиналысы өтті. Қазіргі заманғы президенттік басқару формасының дамуы және Қазақстандағы президенттік сайлау туралы талқылау болған жиында энергетика саласы мамандары, алдағы президенттік сайлауға жауапкершілікпен қарап, таңдау жасау әр азаматтың парызы деген пікірін ортаға салды.
Көне сарын Ақтөбеде күмбірледі
Дәстүрлі әнімізді тыңдаушылар Ақтөбедегі Достық үйіне жиналды. Олар кеште  танымал өнер майталмандары – жыршы-термеші Алмас Алматов, Жәкен Омаров, ән өнерінің шеберлері Ерлан Рысқали, Шолпан Дәржанова, күйші Батыржан Мықтыбаевтардың өнерін тамашалады.
Ғалиасқар Сарыбаев: Саяси науқанға – айқын бағдар
– Елбасы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Қазақстан Республикасының президенттігіне партия атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Съезге қатысушы 623 делегат Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 44 45 46 47 48 Келесі