Арыстағы қоймалар тағы қайда бар?
«Айдың-күннің аманында өз қаламызды бомбалап тастадыңдар!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев,
Халықаралық ұйымдар: ФЕТӨ – лаңкестік ұйым
Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык Түркияның Демократия және ұлттық бірлік күніне орай қазақстандық БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.  Есте болса, 2016 жылғы 15 шілдеде Түркияда Фетуллах лаңкестік ұйымы (ФЕТӨ)  төңкеріс  ұйымдастырып, ел іші алатайдай бүлінген еді. Содан бері өткен үш жылда Түркия билігі үшін ФЕТӨ-мен күрес негізгі басымдыққа айналды. Елшінің айтуынша, көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар ФЕТӨ-ні лаңкестік ұйым деп жариялады.  
Жалған ақпарат «жарға» жығады
Әлеуметтік желіде ақпарат ағыны қатты. Оның ішінен расы қайсы, өтірігі қайсы деп ойландыратыны тіпті көп. Әсіресе, ел онсыз да әбігерге түсіп жатқан сәтті пайдаланып, одан әрмен дүрліктіретіндер жетіп артылады. Қайбір жылдары «банктегі ақшаларыңнан айырылғыларың келмесе, дәл қазір барып шешіп алыңдар» деген сияқты хабарлама тарағаны көптің есінде болар? Сол сияқты күні кеше Арыста болған оқиға турасында да алып-қашпа әңгіме аз айтылмады. Мұндай жалған ақпарат таратушылармен күрес, әлбетте, керек. Қанша жұрттың қысымын көтеріп, сары уайымға салғаны үшін заң жүзінде жауап бергені жөн.
Nur Media холдингіне жаңа басшы тағайындалды
Nur Media холдингіне Болат Кальянбеков бас директор болып тағайындалды.
Сингапур мемлекттік агенттік төрағасы Астана хабтың қызметін талқылады
Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов пен Сингапрудың мемлекеттік агенттігі – «Enterprise Singapore» төрағасы,  Сингапурдың мемлекеттік қызмет комиссиясының бұрынғы басшысы (2010-2017) Питер Онг Бун Кви мемлекеттік қызмет даму трендттерін және ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Сарыарқаға самғау
Жасыратыны жоқ, кейде астанамыз туралы сын да айтылады. Нөсерлетіп жаңбыр жауса, көшелерінің Венецияға «пародия жасайтыны», бас қалада бедел-ажарға қатысты салтанатты шараларға көп қаржы жұмсалатыны, оның «шенеуніктер шаһарына» айналып кеткені – тере берсе толып жатыр. Сын атаулыға тиісті тұлғалар төл жауабын таба берер. Бірақ елордамыздың ел мақтанышына, рухани жаңғырудың қайнар көзіне, мемлекеттілігіміздің ұстынына айналғанын ешкім жоққа шығара алмас.
Сүйікті ордамызға сыйлық
Абай ескерткішінің ал­дын­да «Нұр-Сұлтан – елі­міз­дің бас қаласы, Жастар – бо­ла­шақтың бастамасы» деген кі­тап және поэзия мерекесі өтті.
Баспаналы болу – бір бақыт
Мереке қарсаңында бірқатар мемлекеттік қызметкер миллион теңгелі болды. Нақтырақ айтқанда, Елорда күніне орай мұға­лім­дер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне баспана алу үшін серти­фи­кат табысталды. Осылайша жүз адам пәтер алуға бір табан жақындай түсті.
Тұрмыстық жемқорлық азаяр емес
Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ағарту, алдын алу және жазалауды ұтымды ұштастыра отырып іске асырылады. Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық қудалау институты да күшейіп тұр. Ол дұрыс та. Құқыққа қарсы әрекеттер үшін жазалау әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етеді. Алайда сыбайлас жемқорлық, пара беру тыйылар емес.
Рұқсат етілмеген акция өткізбек болған
Алматы қаласының төңі­регінде рұқсат етіл­ме­ген митинг акциясын өткі­зуге әрекет еткен қылмыс­керлер құрықталды. Олар акция өткізуге тыңғылықты да­йын­далған. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспа­сөз қыз­метінің басшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

Беттер: 1 2 3 4 5 ... 9 Келесі