Аналар кеңесі – заман талабы

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 172

Қостанайда Қазақстан хал­­қы ассамблеясының ұйым­­­­дас­­­ты­руымен рес­пуб­ли­­­­ка­­лық Аналар кеңесінің жиы­­­­ны өтті. Басқосу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сын­­­дар­лы қоғам­дық диалог – Қа­зақ­станның тұ­рақ­ты­лы­­ғы мен өр­­­кен­деуінің негі­зі» Жолдауы мен «Рухани жаң­ғыру» бағдар­ла­масында бел­­гіленген мін­дет­­тер­ді ше­шу­­дегі аналар ке­ңе­­сінің рө­лі» та­қы­рыбына ар­­налды.

Аналар кеңесі – заман талабы

Жиынға Қазақстан халқы ассам­б­лея­сы Төрағасының орын­басары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі Архимед Мұхам­бетов, мемлекеттік қызметкер­лер, республика бо­йын­ша өңірлік Ана­лар кеңес­тері­нің, этномәдени бір­лес­тіктердің төра­ға­лары қатысты.

Аналар кеңесінің жиынында отба­сы­лық ұлттық құндылықтарды сақтау, салт-дәстүрлерді дамыту, көпбалалы және тұрмысы төмен отба­сыларды әлеуметтік қолдау, тұр­мыстық зорлық-зомбылық, ма­сыл­дықты жою мәселесі талқы­ланды.

Жансейіт Түймебаев Аналар кеңе­сінің маңызына тоқталды. Қос­­та­най облысында 17 этномә­дени және 62 этнос­тық бірлестік жұмыс істейді. Өңірде «Тіл дарын» тіл оқыту орталығы, 8 жексенбілік мектеп бар. Екі жоғары оқу орнын­да ассамблея кафе­драсы, медиация және халықтық дипломатия мек­теп­тері ашылып, жұмыс істеп жатыр.

Аймақты аралаған Жансейіт Түймебаев өңірдегі Кейкі батыр мавзо­лейі, Шақшақұлы Жәнібек ескерткіші, Ы.Алтынсарин мавзо­лейі, А.Байтұр­сынұлы музейінің қостанайлықтардың ғана емес, күллі қазақстандықтардың мақта­ны­шы екенін айтты. Өңірде жыл сайын қайырымдылық шаралары дәстүрлі түрде өткізіледі. Тіпті, облыс орталығынан шалғайда жат­қан аудан­дарда 19 қоғамдық ме­диа­тор халықпен етене жақын жұмыс істейді. Облыстық Аналар кеңесі үш жылдан бері отбасы қатынастарын үйлестіру жөніндегі «Отбасын қолдаудың ресурстық орта­лы­ғы» жобасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

– Қостанайда ассамблея бө­лім­­шесі қалалар мен аудандарға шығып, қоғамдық қабылдау өткізу, тегін кеңес беру, психологиялық көмек көрсету және отбасын сақтау мен нығайтуға атсалысып жатыр. Аналар кеңестері рухани жаң­ғыру, жас ұрпақ бойында Отан­ға деген патриоттық сезімді қалып­­тастыру, отбасылық құнды­лық­­тарды дәріптеу істерін тек мемлекеттің еншісі деп қарамайды. Ұлт абыройын көтеретін іс-шара­лар­ға Аналар кеңесте­рінің белсенді араласуы – заман талабы екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр, – деді Жансейіт Түймебаев.

Облыс әкімі Архимед Мұхам­бе­тов ассамблеяның қоғамдық институт ретінде үлкен беделге ие екенін айтты. Оның айтуынша, Аналар кеңесі жұмысы отбасы институтын сақтау мен нығайту, ұрпақ тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталғаны жөн.

Атап өтер жайт, Павлодар өңі­рін­де Аналар кеңесінің ұйым­дас­ты­­руымен өткізілген «Бесік жыры» фестивалінің тәрбиелік маңызы жоғары. Мұнда әрбір этномәдени бірлестіктің өкілдері өз тілдерінде бесік жырларын таныстырған бо­ла­тын. Көпшіліктің қолдауына ие болған бастама жалғасын таппақ.

Сондай-ақ Жансейіт Түйме­баев бала тәрбиесі, ер адамның жауапкер­ші­лігін арттыру, балалар ойын алаңдарын­да бейнебақылау камерасын орнату туралы ұсыныс­тарына да қолдау біл­дірді.

– Біз қыздың ғана емес, ұлдың да тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Себебі олар – болашақ отағасы. Ал отбасының жауапкершілігін бар­лы­ғы да бірдей деңгейде түсінуі керек. Әйелге қол көтеретін еркек­тер де отбасында тәр­бие­л­енеді. Сондықтан аналар кеңесі әкелер­дің жағымды үлгісін дәріптей отырып, отбасында ұлдың тәрбие­ле­нуіне көңіл бөлуі керек, – деді ол.

Статистикалық мәліметтерге сү­йен­­­сек, әйелдердің 70 пайызы өмірін­де бір рет тұрмыстық зорлық-зомбы­лыққа ұшыраған екен. Зардап шеккен әйел­дер­дің 10 пайызы ғана полицияға арыз жа­­зып, араша сұрайды. Сондықтан от­ба­сы институты әлеуметтік қор­ғау ны­­са­ны ғана емес. Адам капи­талын қа­лып­тас­­ты­ру, жаңғыр­ту үшін жұмыс істейді.

Жансейіт Түймебаев қоғам назарын әйелдің отбасындағы орнына және оның әлеуметтік белсенділігіне қайшы келетін кей­бір келеңсіздіктерді жою керегін айтты. Сонымен қатар әйел­дер мен еркектердің денсау­лығына көңіл бөлу маңызды. Бүгінде әрбір бесінші жүктілік жасанды түсік жасатумен аяқталады. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға назар аудару маңызды. Кеңеске қатысу­шылар балаға қатысты зорлық-зомбылықты да талқыға салды. Сондай-ақ көп­балалы аналардың экономика­лық әлеуетін арттыру мәселесі де қозғалды.

Жастарды тұрақты жұмыспен қамту да – өзекті мәселенің бірі. Баланы жастайынан еңбекке баулу отбасындағы тәрбиеге байла­ныс­ты. Кеңесте Аналар жауапкершілігі мектебін құруды ұсын­ды. Мұнда жас аналарға кеңес беріледі. Кә­сіп­ті дамыту ғана емес, жас отба­сы­лардың нарыққа бейімделуіне көмегі тиеді. Форумда кәсіпкер қыз-келіншек­терге «Атамекен» кәсіпкерлер палата­сы­ның өкілдері ақыл-кеңесін айтты. Қоғамдық іс-шараларға белсенді атса­лысып отырған аналар марапат­талды. Балаларға арналған кітаптардың көр­месі өтті.

Кеңеске қатысушылар қайы­рым­ды­лық акциясына атсалысты. Қостанай облыстық аналар кеңесі қызметінің жұмыс тәжірибесіне арналған дөңгелек үстел, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Қа­зақ­тану» жобасы аясында «Төр­кін­деу» атты шығармашылық кеш өтті.

Жалпы, бүгінде 1 793 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Аналар кеңесі әлеуметтік мекемелермен, оқу орындарымен, балалар меке­ме­лерімен, бастамашыл­дық орта­лықтармен бірлесіп, түрлі әлеу­­меттік жобаларды жүзеге асырады. Әлеу­меттік мәселелерге бейжай қара­май, оның күрмеуін шешуге белсенді атсалысып келеді.

 

М.БАҚЫТ