Семей әуежайына Абай есімі беріледі

Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдады,– деп хабарлайды Семей қаласының ақпарат орталығы.

Семей әуежайына Абай есімі беріледі

«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді»,– делінген хабарламада. Сондай-ақ, Өскемендегі гуманитарлық колледжге Абай есімі берілуі мүмкін.