Қару-жарақ қауіпсіздігі талқыланды

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 173

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысы Ақтау қаласында көшпелі отырыс өткізді. Отырыс жұмы­сына Мәжіліс депутаттары мен Қорғаныс министрлігі, Ұлттық Ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Ішкі істер ми­нистрлігі төтенше жағдайлар бойынша комитеті, Бас әскери прокуратурасының және облыстық әкімші­ліктің өкілдері қатысты.

Қару-жарақ қауіпсіздігі талқыланды

Жиында «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы Күште­рі­нің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ар­сеналдарында, базаларында және қоймаларында сақтау­дағы қару-жарақ пен оқ-дә­рі­лердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету және қару-жарақ пен оқ-дә­рілерді сақтау объектілерін көшіру мен жайластыру бағ­дарламасын іске асыру мәсе­лелері» тақырыбы талқы­лан­ды.

Отырысты ашқан Мә­жі­лістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік ко­митеті төрағасы Мұхтар Ерман Арыстағы қайғылы оқиғаны есепке ала отырып, аталған тақырыпта іс-ша­раны өткізудің маңызына тоқ­талды.

Жиында Мәжіліс де­пу­таттары Ирина Аронова мен Ержан Құдайберген Nur Otan партиясы Маңғыстау об­лыс­тық филиалында азам­ат­тарды қабылдағаны айтыл­ды. Депутаттар сондай-ақ Қор­ғаныс министрлігінің, Ұлттық Ұлан­ның, ҰҚК Шекара қыз­метінің базалары мен қой­ма­ларында қару-жарақ, оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету сұ­рақ­тарын зерттеген. Атап айт­қанда, депутаттар Ақ­тау гарнизоны әскери бө­лім­­­дерінде қару-жарақтар, әс­кери техникалардың және мүлік­тердің сақталуымен, жұ­­мыл­дыру қорының ны­са­ны сана­латын арнайы меди­ци­на­лық қамтамасыз ету база­сы­­­мен та­нысып шыққан. Жұ­мыс нә­ти­жесінде Қару-жа­рақ пен оқ-дәрілерді сақтау объек­ті­лерін көшіру мен жай­лас­тыру бағдарламасының ара­лық қоры­тындылары белгі­ленген-ді.

Көшпелі отырысты қоры­тындылай келе, мәжілісмендер көтерілген өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар мен пі­кір­лер тиісті заңнамаларды же­тілдіруде ескерілетінін жет­кізді.