Әуежайға Абай есімі беріледі

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 173

Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы ұсынысты Шы­ғыс Қазақстан облыстық мәс­ли­ха­тының депутаттары қол­да­ды.

Әуежайға Абай есімі беріледі

«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қала­сының білім беру мекемелеріне таны­мал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссия­да ма­құлданып, Шығыс Қазақстан об­лыс­тық мәслихатының депутаттары тара­пынан қолдау тапты. Құжаттар рес­публикалық ономастика комис­сия­сына жіберілді» делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Өскемендегі гумани­тар­лық колледжге Абай есімі берілуі мүм­кін. Облыстық мәслихаттың де­пу­тат­­тары республикалық ономастика комиссиясына осындай ұсыныс жібер­ді. Сондай-ақ аймақ көлеміндегі та­ғы жиырмадан астам мектеп пен колледж­дің атауын өзгерту жоспарда бар.

Мәселен, Өскемен қаласындағы «Ағыл­шын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясына» Лев Гумилев есі­мі, №39 орта мектепке Ыбырай Алтын­са­рин есімі берілуі мүмкін. Сонымен қатар шаһардағы бірқатар оқу орынына Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов, Әли­хан Бөкейханов, Бауыржан Момыш­­ұлы, Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов секілді ұлт зиялыларының есі­мі­мен беру ұсынылды.

Айта кету керек, келесі жылы еліміз Абайдың 175 жылдығын тойлайды. Ме­рей­тойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді.

Тақырып бойынша материалдар