Ұлттық киноны қолдау орталығына басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен «Ұлттық киноны қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып Андрей Хазбулатов тағайындалды.

Ұлттық киноны қолдау орталығына басшы тағайындалды
Андрей Хазбулатов - философия докторы (PhD), 2050 жылға дейінгі ҚР Мәдени саясаты тұжырымдамасы, «Кино туралы» ҚР Заңының әзірлеуші авторларының бірі.
Түрлі жылдары ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы, проректоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ның президенті, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры қызметтерін атқарды.
Әдебиет пен өнер қайраткерлерінің Мемлекеттік стипендиясының иегері, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, ғылым мен техника саласындағы үздік жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық Комиссиясының мүшесі.
Мәдениет және өнер саласындағы отандық және шетелдік жобалардың ғылыми және көркемдік жетекшісі. 50-ден аса ғылыми басылымдар мен 2 монографияның авторы.