Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

  Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді


– Бүгін еліміз үшін ерекше тарихи күн. Азаматтарымыз өз конституциялық құқығын пайдаланып сайлауда дауыс беруде. Бұл – халқымыздың жарқын болашағы үшін жасайтын таңдауы. Сайлау бұл үлкен мереке. Сайлау – бұл кандидаттардың ел болашағы үшін жасалатын ұсыныстары мен бағдарламаларының бәсесеге түсетін додасы. Еліміздің басты құндылығы – татулық, бірлік, ынтымақ. Сондықтан қай кезде де басты құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Бүгінгі бәсекенің заңға сәйкес демократиялы түрде өтетініне сенім білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Үміткер бүгін еліміз үшін аса маңызды күн екенін атап өтті. «Себебі, сайлау – жарқын болашаққа бастайтын жол әрі үлкен мереке», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Қасым-Жомарт Тоқаев барған сайлау учаскесі елорда бойынша ең үлкені. Мұнда екі жарым мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Соның мыңнан астамы осы сәтке дейін таңдауын жасап үлгерді.