Сайлау күнінде 10 сәби дүниеге келді

Қызылорда қаласындағы Ана мен бала орталығында қазірге дейін 300-ге тарта сайлаушы таңдауын жасап үлгерді.

Сайлау күнінде 10 сәби дүниеге келді


Бір қызығы, бүгін Ана мен бала орталығында қазірге дейін 10 нәресте дүниеге келді. Олардың 5-і ұл, 5-і қыз бала. Егіздер де бар.

Қызылорда облысында 366 аумақтық сайлау учаскесі бар. Онда 197785 адам өз таңдауын жасайды. Қызылорда облысының тұрғындары Қазақстан Президенті сайлауында  белсенділік танытуда.