Сенат депутаттары ҰҚК төрағасына К.Мәсімовті тағайындады

Парламент Сенатының депутаттары Кәрім Мәсімовтің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалуын қолдады, – деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

Сенат депутаттары ҰҚК төрағасына К.Мәсімовті тағайындады
Фото: Советбек Мағзұмов
«Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Сенат отырысы өтіп, депутаттар Президенттің Кәрім Мәсімовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындауына келісімін берді», – деп жазылған хабарламада. 
Сенат Парламентінің халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Кәрім Мәсімов өз жұмысында жоғары білікті, өз ісіне және Отан алдындағы борышына адал мемлекет қызметкері ретінде көрсетті» деп айтты. Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдады.