Қазақстан халқы Ассамблеясы арыстықтарға жылу жинауды бастады

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысының Арыс қаласынан көшірілгендерге көмек көрсету акциясын бастады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы арыстықтарға жылу жинауды бастады

Шымкент қаласында Түркістан облысының Достық үйі базасында зардап шеккендер үшін көмек жинау орталығы ашылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлестіру штабы құрылды, оның үйлестірушісі Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратали Оразалыұлы Қалмұратов, ал бірлесе үйлестіруші Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғани Құрмашұлы РЫСБЕКОВ болды.

Акцияға «Дустлик» Қазақстан Республикасының өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы, «Әзербайджандықтар қауымдастығы», «Ахыска» түрік этномәдени орталығы», «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» және басқа да республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер қосылды.

Адамдарды эвакуациялау үшін көлікпен қамтамасыз етуге көмек көрсетілуде.

Қазіргі кезде қажетті гуманитарлық көмек құрамына: азық-түлік, су, шырындар, балалар тағамы, ең алдымен қажет болатын заттар кіреді.

Барлық қазақстандықтарды, жастарды, еріктілерді техногендік авариядан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге шақырамыз.

Біздің отандастарымыз сіз бен біздің қолдауымызға мұқтаж!

 

Гуманитарлық көмекті қабылдау орталығының мекен-жайы: Түркістан облысының Достық үйі, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, № 9/3 үй.

Жұмыс істейтін уақыты: 24-25 маусымда тәулік бойы, 26 маусымнан бастап сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: + 7 (7252) 21-35-40.