Асқар Мамин Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Асқар Мамин Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда облысы мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысты. Онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қуанышбек Ысқақовты өңір әкімі лауазымына тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді.  

Дауыс беру қорытындысы бойынша, мәслихат депутаттары Қазақстан Президенті ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады. Қызылорда облысының активімен кездесуде Қазақстан Үкіметінің басшысы Қ.Көшербаевқа өңірді дамыту бойынша атқарған елеулі жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа лауазымы – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінде сәттілік тіледі.   

«Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысын 6 жыл бойы басқарды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлесін қосты. Осы уақыт ішінде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар іске асырылды. Әлеуметтік саланы дамыту бойынша тиімді шаралар қабылданды», — деді А. Мамин. 

Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстыра отырып, Асқар Мамин Қуанышбек Ысқақовтың өңірлік және орталық деңгейдегі елеулі жұмыс тәжірибесін атап өтті: 2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, ұзақ жылдар бойы Қазақстан Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Қызылорда облысының алдында Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың тұрмыс сапасын арттыру және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолда бар әлеуетті іске асыру арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша міндеттер тұрғанын атап өтті. Жаңа әкімге өңір активімен және мәслихат депутаттарымен бірлесіп, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру тапсырылды.