Өзгеріс пен толықтыру

Газет мақаласы "Айқын" газеті №103

Ішкі істер министрлігі бірқатар минитрлікпен байланыс орнатты. Нәти­жесінде, түрлі заңға өзгеріс пен толықтыру енгізіліп, ереже қабылданды.

Өзгеріс пен толықтыру

Ішкі істер министрлігі Ақпа­рат және қоғамдық даму ми­нистрлігімен бірлесіп, IMEI кодтардың бірыңғай базасын құруды және абоненттік құрыл­ғыларды тіркеу ережелерін әзір­леуді көздейтін «Байланыс тура­лы» заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізді.

Биыл қаңтар айынан бастап абоненттік құрылғыларды тіркеу ережесі енгізілді. Ереженің ерек­шелігі – IMEI код + SIM карта + ИИН схемасы бойынша қолда­ныстағы мобильді құрылғыларды тіркеу және сәйкестендіру код­тарының бірыңғай дерек қорын (БДҚ0) құру. Абоненттік құрыл­ғыны міндетті түрде тіркеу керек. Қазіргі таңда ұялы байланыс компаниялары да қолданыстағы жүйені құптап отыр.

Айна, дөңгелек және басқа да автобөлшектерді ұрлау – қыл­мыстың кең тараған түрі. Ав­тоұр­лық нарықтағы бизнес тү­ріне жатады. Осыған байланысты Ұлттық экономика министр­лігімен бірлесіп, ішкі сауда ере­жесіне өзгерістер енгізіледі. Ав­тобөлшектер арнайы дүкендерде сатылатын болады. Бұрын қол­даныста болған қосалқы бөлшек­терді сатуға қабылдау тек дүкен мен бөлшекті тапсыратын тұлға арасында сатып алу-сату шартын жасаған кезде ғана жүргізіледі. Егер көрсетілген ережені орын­дамаған жағдайда «Сауда қыз­метін реттеу туралы» заңға енгі­зілген өзгерістер мен толық­ты­ру­лар бойынша жауапқа тартылады.

Тағы бір маңызды мәселе – кәріз құбырының қақпағын ұрлау. Қара және түсті метал­дарды қабылдау пунктерінің салғырт­тығынан биыл металл ұрлаумен байланысты қылмыс 3 пайызға (1 150-ден 1 183-ке де­йін) өсті. Осы­ған байланысты Индустрия және инфрақұры­лымдық даму министрлігімен өзара іс-қимыл жасап, металл сынықтарын жинау мен дайын­дау мәселелері бо­йын­ша ұлттық стандартқа өзгерістер енгізіледі. Электротехникалық металл ­бұ­йымдарын және кәріз қақ­пақта­рын қабылдауға тыйым салынады.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ