Стратегиялық серіктестік жалғасады

Қазақстан Республи­касының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ-қа ресми сапарында президенттің Ұлттық қауіп­сіз­дік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонмен және Мемлекеттік хат­шы Майкл Помпеомен келіссөз жүргізді. Кездесуде тараптар екі­жақты күн тәртібін және Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылғы қаң­тарда қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайын тал­қылады.

Стратегиялық серіктестік жалғасады

АҚШ өкілдері Қазақстандағы ке­зектен тыс президенттік сайлау­дың қоры­тындысын қолдап, Қа­зақстан – Америка қарым-қаты­насының бар­лық спектрі бойынша ынты­мақ­тас­тық­ты дамытуға дайын екенін біл­­­дірді. АҚШ Мемлекеттік де­пар­та­ментінде Б.Атамқұлов Елбасы Н.Назарбаев және Қа­зақстан Президенті 

Қ.Тоқаевтың АҚШ-тың алдағы 243-ші Тәуел­сіздік күніне орай Ақ үй бас­шы­сы Д.Трампқа жолдаған құттықтау хаттарын табыс етіп, Президент АҚШ-пен кеңей­тілген стратегия­лық әріптестікті дамытуға ерекше назар ау­даратынын атап өтті. Ал амери­ка­лық тарап Пре­зидент Қ.Тоқаевтың әлеуметтік-экономи­калық және сая­си қайта құру бағ­дарламасына қолдау көр­сетіп, бел­гіленген реформаларды жүзеге асыру­ға қажетті көмек көр­се­ту­ге дайын екенін білдірді. Та­рап­тар жаһандық экономикадағы қиын­дық­тарға қарамастан, Қа­зақстан мен АҚШ арасындағы сауда-ин­вес­ти­ция­лық өзара іс-қимылдың жо­ғары дең­гейін тілге тиек етті. 2018 жылы екі ел ара­сын­дағы сауда ай­налымы үш есе өсті, ал амери­ка­лық инвес­тиция ағы­ны екі есе ұлғайды.

Ақ үйдегі кездесуде Дж.Болтон АҚШ-тың Қазақстанмен кеңей­тілген стратегиялық серіктестікке мән бере­тінін атап өтті. Тараптар қолдағы уағ­да­ластықтар мен жос­парларды са­палы имплемента­ция­лауды жал­ғас­тыру ниетін растады, сондай-ақ өңірлік жә­не халықара­лық күн тәртібіндегі өзек­ті мәсе­ле­лер бойынша нақты пі­кір алмасты. Бұл ретте, Дж.Болтон мен М.Пом­пео стратегиялық әріп­тес­тікті одан ары арттыруға бейім екенін рас­тады. Та­раптар екі мемлекеттің ха­лық­аралық терроризмге қарсы кү­рес, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Ауған­стандағы жағдайды тұрақ­тандыру жөніндегі бірлескен күш-жі­г­ерін, басқа да халықаралық мә­селелерді талқылады.

Америкалық тарап қазақстандық «Жусан» операциясын жоғары баға­ла­ды. Мемлекеттік хатшы М.Пом­пео ҚР-ның іс-қимылдарын әлемнің бас­қа мемлекеттері үшін үлгі деп атады. Қазақстан мен АҚШ қайтып келген аза­маттарды қайта әлеуметтендіруде ын­т­ымақ­тас­тық­ты жалғастырады.

Кездесуде, сондай-ақ Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері ара­сын­дағы С5+1 өңірлік тұғырнама­сын одан ары дамытудың маңызына назар ау­дарылды.