Түркістан құрылысына серпін берді

Түркістандағы құрылыс жұмыстары енді тәулік бойы жүргізіледі. Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин осындай міндет қойды. Сапар аясында Премьер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады.

Түркістан құрылысына серпін берді

Түркістандағы құрылыс жұмыстары енді тәулік бойы жүргізіледі. Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин осындай міндет қойды. Сапар аясында Премьер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады. 

Сонымен қатар ол биылғы 23 наурызда өңірге жұмыс сапары ая­сында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырма­ларды еске­ріп, қала құрылысын ары қа­рай жүргізудің кешенді мәсе­ле­ле­р­ін қарады.
Үкімет жетекшісі қаланың әкім­­шілік-іскерлік орталығында облыс әкімдігінің, басқармалар мен департаменттердің ғимарат­та­ры, Медиа орталық, Конгресс-холл салынатын құрылыс алаңда­рын аралады. Стадион, Оқушылар сарайы, Халыққа қызмет көрсету орта­лығы секілді әлеуметтік ма­ңыз­­дағы нысандар қала құры­лы­сы­ның басым бағытына айналады. Музыка мектебін, бассейні бар спорт сарайын, облыстық ғылыми-әм­бебап кітапхананы салу жоба­ла­ры дайындық сатысында тұр. Халықтың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында өңірді абаттандыру нысандарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айт­қан­да, Тұңғыш Президент паркі, аттракциондары бар қала саябағы, музыкалық фонтан, амфитеатр, арбат бой көтермек. Барлық құры­лыс жұмыстары кестеге сай жүр­гізіліп жатқаны және белгі­лен­ген мерзімде аяқталатыны мәлімделді.
Премьер Асқар Мамин қаланы облыс орталығының кіру қақпа­ла­ры­мен байланыстыратын Б.Сат­тар­ханов даңғылының учаскесін тексерді: даңғылды реконструк­ция­лау жұмыстары жүргіншілер жүретін бөлікті 18 метрге дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Үкімет басшысы Түркістан қаласының маңында «жасыл белдеу» құру, ирригациялық жүйені дамыту бойын­ша жұмыстарға қанықты. «Арыс – Түркістан» каналын қал­пы­­на келтіру және «Машин­ный» арнасын салу жоспары қаралды. Бұл жобаларды іске асыру суаруға арналған судың тапшылығы мәсе­ле­сін толық шешіп, ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерін өндірудің жыл сайын­ғы көлемін арттырады.
Бұдан бөлек, индустриялық аймақ аумағын кеңейту және TURKISTAN АЭА-сын іске қосу жо­балары таныстырылды. Оның инфрақұрылымын жолға қою жеке инвестициялар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді деп болжануда.
Қаланың тарихи-мәдени бөлі­гін дамытуға ерекше назар ауда­рыл­ды. А.Мамин Қ.Яссауи музейі­нің, Туристік визит-орталықтың, тари­хи сәулет қалыбындағы Шы­ғыс моншасының құрылысы жүріп жатқан жерлерді аралады. Өңір әкімдігі «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру және қалашықтың тарихи нысан­да­рын реставрациялау жұмыс­та­ры­ның жоспарымен таныстырды.
Нысандарды қарау қорытын­ды­сы бойынша Премьер А.Мамин Түркістанның 2019–2020 жылдарға арналған Кешенді құрылыс және даму жоспарын іске асыру мәсе­ле­лері жөнінде жұмыс кеңесін өт­кіз­ді. Жиында Түркістан облысы­ның әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс қар­­қыны, тарихи-мәдени нысан­дар­­ды реконструкциялау, тұрғын үй мәселелерін шешу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізу, жолдардың сапасын арт­ты­ру, туризм, ауыл шаруашы­лы­ғы салаларын, арнайы экономикалық аймақты дамыту жайында баян­да­ды.
Жиында Үкімет мүшелерінің, сондай-ақ Ақтөбе, Павлодар, Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақ­стан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары әкімдерінің Түр­кістандағы нысандарды жүзеге асы­руға жауапты орынбасар­ла­ры­ның есептері тыңдалды.
«Күшейтілген жұмыс тәртібіне көше­міз!» – деп нықтаған Премьер «екі апта ішінде құрылыс жұмыс­та­рын тәулік бойғы режимге көші­ру­ді» тапсырды.