Jastar keryeni жолға шықты

Газет мақаласы Айқын газеті №124

Нұр-Сұлтан қаласында 1700-ден астам белсенді жастар Jastar keryeni жобасының ашылуына байланысты өткен слетте бас қосты. Бұл слетке Қазақстанның барлық аймағынан 16-29 жас аралығындағы белсенді, білімді және дарынды жастар қатысты. Жастар қызыға да құлшына тындап, еліте билейтін қазақ эстрадасында өз орны бар Raim&Artur, Мирас Жүгінісов, заманауи рэп-әнші – Rick0407, ди-джей – DJ Angel кеш көрігін қыздырды. Сонымен қоса, кеште театралды және музыкалық қойылымдар, неондық шоу орындалды.

Jastar keryeni жолға шықты

«Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ Жастар жылының және «Аза­маттық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Қазақстан Рес­пуб­ликасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Jastar keryeni респуб­ли­калық жобасын іске асыруды бас­тап кетті. Jastar keryeni жоба­сы­ның басты мақсаты – Қазақ­стан жастарының бірлестігі мен ішкі туризмді дамыту идеология­сы, Отанын сүю екені белгілі.


«Бұл – Қазақстан тарихында­ғы ең ауқымды жобалардың бірі әрі ең ірі туристік жоба. Мақсаты – жастар арасында ішкі туризмді насихаттай отырып, облыс­тар арасындағы интегра­ция­­ны нығайту. Қазіргі таңда Қазақстанның жастары ашық әрі жігерлі, жаңашылдыққа құмар. Міне, осы ретте Қазақстан жас­та­ры өз ауылдастарымен ғана емес, түкпір-түкпірдегі құрдас­тарымен тіл табысып, достасса дейміз. Жобаны сол үшін жолға қойдық. Жастар төрт күн бойы Қазақстанның киелі орындарын аралау үшін жеті облыстан шы­ғады. Әр топта 99 адамнан бола­ды», – деді елордада жобаның таныстырылуы кезінде Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.


Елордадан бастау алған Jastar kerýeni ауқымды жобасы баста­лып кетті. Жоба аясында Қазақ­стан­ның түкпір-түкпірінің жас­тары 13 тамыздан бастап төрт күн бойы республиканың киелі орын­­дарын аралайды. Белсенді жастар Көк­ше­тау, Алматы, Қа­рағанды, Пав­ло­дар, Орал, Өске­мен, Шым­кент қалаларына жол тартты. Олар төрт күн бойы осы өңірлердің туристік нысан­дары мен «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының «Қасиетті Қа­зақ­стан» картасына енген киелі жер­лерге барып, алған әсерлерін әлеу­мет­тік желіге жа­риялайтын болады. Ұйым­дас­ты­­ру­шылар осы арқылы жастар ара­сында ішкі туризмді дамытуға атсалыспақшы. «Жас­­тар – қоғам­ның қозғаушы күші. Әлеуметтік желіде белсенді жас­тар туризм саласында трендтер қалыптасты­рып отыр. Сон­дық­тан, әр бағытқа жастармен бірге бло­герлер бара­ды. Жастар солар бө­ліс­кен ақпа­рат арқылы елі­міз­дің ту­ристік әле­уеті жоғары өңір­лер туралы то­лыққанды ақпарат ала­тын бола­ды», – дейді Тоқтар Бо­­лысов. Оның айтуынша, ту­рис­­тік керуен соңында оған қа­ты­су­шылар өздері аяқ басқан орын­­дар­дағы инфра­құ­рылымдық мә­­се­ле­лер бо­йынша тиімді ұсы­ныстар беруі тиіс.


Әділ БЕК