Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шахтер күнімен құттықтауы

Газет мақаласы "Айқын" газеті №130

Құрметті көмір өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шахтер күнімен құттықтауы

Сіздерді Шахтер күнімен құттықтаймын!

Мен кеншілерге әрдайым зор құрметпен қарай­мын, өйткені шахтер еңбегінің бейнеті маған жақсы таныс.

Бұл мамандық қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Сондықтан да сіздер қажырлы еңбек­теріңіз арқылы қоғамда шынайы құрметке бөле­ніп келесіздер.

Көмір өндірісі біздің индустриямыздың берік негізі екенін нық сеніммен айтуға болады. Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәти­жесін орынды мақтаныш ете алады.    

Алдағы уақытта да отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің энергетикалық әлеуетінің нығаюына атсалыса бересіздер деп кәміл сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!