#Abai175: Ali Baba Group басшысы Головкинге эстафета жолдады

Alibaba Group компаниясының негізін салушы миллиардер Джек Ма #Abai175 челленджіне қатысып, Абай Құнанбайұлының өлеңін оқыды.

#Abai175: Ali Baba Group басшысы Головкинге эстафета жолдады
дереккөзден

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі таратқан ақпарға сәйкес, Джек Ма эстафетаны Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевтан қабылдап, ұлы ақынның «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін қытай тілінде оқыды.

«Қадірменді достар, мен – Джек Мамын. Келер жылы Қазақстан қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтеді. Бүгін мен эстафетаны Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан қабыл алып, Абайдың өлеңін оқып беремін», – деді бизнесмен.

Джек Ма эстафетаны спортшы Геннадий Головкинге жолдады. Бұған дейін Головкинге #Abai175 челленджі бойынша эстафетаны француз актері, «Такси» фильмінде басты рөлді сомдаған Сами Насери жолдаған еді.