Біз түркілік тегімізді сақтай білген халықпыз - Тоқаев

4 қыркүйек Нұр-Сұлтанда алғаш рет Азия елдері қаламгерлерінің І форумы өтуде. Форум қатарынан үш күн өтеді. Бүгін форумның ашылу салтанатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.

Біз түркілік тегімізді сақтай білген халықпыз - Тоқаев
дереккөзден
Мемлекет басшысы өз сөзінде Ұлы дала сан алуан мәдениеттер мен өркениеттердің куәсі екенін айтты. "Еліміз алып құрлықтың батысы мен шығысын, күнгейі мен теріскейін жалғаған тоғыз жолдың торабында орналасқан. Біз – бір кездері Ұлы Түрік Қағанатынан мирас болған түркілік тегімізді сақтай білген халықпыз. Бүгінгі түркі жұртының теңдессіз жетістіктері сол дәуірлерден қалған ұлы мұралармен тығыз байланысты", - деді мемлекет басшысы.
Қ.Тоқаевтың айтуынша,Азия – ұлы өркениеттердің дүниеге келуіне, өркен жаюына, кейін тарих қатпарына сіңіп, қалыптасуына куә болған көне құрлық. Әрі араб, парсы, үнді, қытай өркениеттері - адамзат тарихының ажырамас бөлігі. "Шығыс мәдениеттері сан алуан сипаттарына қарамастан өзара астасып жатыр.
Азия халықтары өркениеттер қақтығысына ұшырамай, етене үндестікте дамуының басты сыры да – осында", - дейді президент.