Азия әдебиетшілерін қолдау қорын ашу керек - Нобельге үміткер моңғол жазушысы

Нобель сыйлығына үміткер моңғол ақыны Мэнд-Оео Азия әдебиетшілерін қолдау қорын құру туралы ұсыныс айтты.

Азия әдебиетшілерін қолдау қорын ашу керек - Нобельге үміткер моңғол жазушысы
Мэнд-Оео - моңғол ақыны/ Айқын

«Әлемдік мәдениет антологиясы мен адамзат өркениетіне азиялық жаңашылдық енуі тиіс», - деген ол Азияның поэзиясы көптеген тілге аударылғанын қалайтынын жеткізді. «Бұл проза және өзге де жанрларға қатысты», - деді ақын.

Мэнд-Оео Азия әдебиетін дамыту бойынша бірнеше ұсыныс айтты. «Азия әдебиетін дамыту бойынша тиімді әдістер қарастыру керек. Атап айтқанда, таңдамалы шығармаларды бар жаһанға таратып, таныстыру үшін қолдау қорын (әдебиетшілерді-ред) құрған жөн. Меніңше, бұл біздің үкіметтің басты міндеті болуы тиіс», - деді ол.

Атап өтерлігі, бүгін елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтуде. Форум үш күнге созылады.