Жер сатылмайды -Тоқаев

Ұлттық Кеңестің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға «жерді ешкімге бермейміз», - деді.

Жер сатылмайды -Тоқаев
дереккөзден

«Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылатын болады немесе шетелдік 55 зауыт көшіріліп, мыңға жуық шетелдік жұмысшылар еңбекке тартылады деген сыбыстар тарап жүр. Біздің халық мұндай сыбысқа сенбеуі керек», - деген мемлекет басшысы мұндай жалған сыбыстар арқылы ізгі ниет танытпайтындар адамдардың патриоттық сезімін пайдаланып, өз мақсаттарына жетуді көздейтіндерін атап өтті.

«Жерді ешкімге де бермейміз», - деді Қ.Тоқаев.

«Мұндай насихат ел ынтымағының тоз-тозын шығарып, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру мақсатын көздейтін жаһан саясатының бір бөлігі. Біздің халық – дана халық», - деген Тоқаев биліктің міндетіне қоғаммен араласу арқылы мемлекеттік саясаттың жай-күйін, қағида-міндеттерін түсіндіру жататынын алға тартты. Айқын пікірлерді қабылдап, ескеру қажеттігін атап өткен мемлекет басшысы «Біз жерді ешкімге де бермейміз. Адамдардың пікірін ескереміз»,- деді.