Маған сенің киімің керек: Робот «Федор» роскосмос басшысының бөркін сұрады

Робот «Федор» Жерге оралысымен өзінің twitt-ін жариялады. Темір ғарышкердің жазуынша, ауадан «күздің келгені сезіліп тұр», енді оған жылы киіну керек.

Маған сенің киімің керек: Робот «Федор» роскосмос басшысының бөркін сұрады
© сурет ашық интернет көздерінен

«Байқоңырда күздің келгені сезіледі. Бүгін түнде температура 14°С-қа төмендеді. Мынадай жылы бас киім маған да керек», - деп жазған «Федор» өзінің twitter-аккаунтында. @FEDOR37516789

Робот өзінің жазбасын «Роскосмос» компаниясының басшысы Дмитрий Рогозиннің twitter-дегі бөрікпен түскен суретінің астына тіркеген.

Суреттің астында «Роскосмос» корпорациясының бас директоры мен ұжымы ресей спортшысы Хабиб Нұрмағамбетовтің жеңісінің құрметіне орай, бөрік киіп суретке түскені жазылған.

Естеріңізде болса, кеше «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған робот «Федордың» Жерге оралғанын жазғанбыз.

Тақырып бойынша материалдар