Несиесі өтелгендер "қара тізімге" іліне ме?

11 қыркүйектен бастап қазақстандықтар борыш жүктемесін азайту бойынша кеңесті 111 call-орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан басқа тағы да бірқатар ұйымдардан біле алады. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Несиесі өтелгендер "қара тізімге" іліне ме?
дереккөзден
Бүгінгі күні борыш жүктемесінің төмендеуіне үміткер азаматтар өз мәртебесін келесідей тәсілдермен тексере алатыны белгілі:
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  ресми интернет-ресурсындағы http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сілтемесіне ЖСН енгізіп, сұрау жіберу арқылы;
- Электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесін азайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» электрондық сервисінің көмегімен. Ол үшін ЭЦҚ қажет болады;
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін call-орталықта 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша кеңес алу.;
- Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы.
Ал енді 11 қыркүйектен бастап қазақстандықтар мемлекет есебінен қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу мүмкіндігі туралы кеңесті:
- облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан;
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және оның филиалдарынан;
- Облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінен ала алады
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес борыш жүктемесін азайту  көпбалалы отбасыларға; мүгедек балалары бар отбасыларға, бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастан асқан азаматтарға; жалғыз асыраушысынан айырылған отбасыларға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жетім балаларға қарастырылған.
Бұл санаттағы азаматтар үшін берешекті өтеу олардың қаржылық табысына байланысты емес.
Борыш жүктемесін азайту шарттары:
- тек кепілсіз тұтынушылық қарыздар (кепілге немесе бизнесті дамыту үшін алынған кредиттер қарастырылмайды);
- Мемлекет негізгі қарызды және ол бойынша есептелген сыйақыны жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін өтейді (қарыз мөлшері 300 мың теңгеден асатын адамдарға, олардың борышының бір бөлігі 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі);
- жалпы берешек ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауы тиіс;
- кредит банкте немесе микроқаржы ұйымында ресімделуі тиіс (коллекторлық компанияларға берілген қарыздар өтелуге жатпайды).
Жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтардың тізімін қалыптастыру орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде жүзеге асырылды (жалпы алғанда 2,289 млн  адам). Тізімдер  Ұлттық Банкке және Мемлекеттік кредиттік бюроға берілді. Ұлттық Банк өз тарапынан кепілсіз тұтынушылық несиесі жоқ, жалпы қарызы 3 млн теңгеден асатын, қарыздары коллекторлық ұйымдарға берілген адамдарды тізімінен шығарып тастады. Нәтижесінде 506 941 борышкерден тұратын 630 633 қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын тізім пайда болды.
Мемлекет тарапынан ұйымдастырылған бұл акция бір реттік сипатқа ие. Борыш жүктемесін өтеу қазақстандықтардың кредиттік тарихына кері әсерін тигізбейді, яғни кредиті өтелген азаматтар қаржы ұйымдарының «қара тізіміне» ілінбейді.

                                                                                                                                                                                                                Тұмар Мырза