Түркістандағы жарылыс: тергеу басталды

Түркістандағы «Royal Grand Hotel» қонақ үйінің өртенуіне байланысты Түркістан қаласындағы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдарын қолға алды.

Түркістандағы жарылыс: тергеу басталды
ІІМ ТЖК

«Қазіргі уақытта «Royal Grand Hotel» қонақ үйінің өртенуіне байланысты Түркістан қаласы полиция департаменті ҚР ҚК 292 бабы «Өрт қауіпсіздігін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Тергеу барысында істің жай-жапсары анықталады», - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Үш тонналы автоцистерна 10 қыркүйекте «Royal Grand Hotel» қонақ үйінің аумағында жарылған еді. Салдарынан өрт басталды. 1400 шаршы метр шатыр өртенді. Орталық қалалық емханаға төрт өрт сөндіруші жеткізілді. Он адам жараланды, олардың жетеуі – Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.