Astana Media Week: жаңа мүмкіндіктер алаңы

Газет мақаласы "Айқын" газеті №140

Astana Media Week-тың шымылдығы түрілді. Отандық ме­диа индустрияны жан-жақты дамытуға бағытталған ша­ра­ны Орталық Азия кеңістігіндегі ең ауқымды жоба деуге болады. Жыл сайын өткізілетін кең көлемдегі салалық апталыққа биыл 2 мыңнан астам қонақ келді. Өңірлік деңгейдегі индустрияны ілгерілетуге арналған шараның шымылдығын Ақпарат және қо­ғамдық даму министрі Дәурен Абаев ашты.

Astana Media Week: жаңа мүмкіндіктер алаңы

– Astana Media Week диалог алаңында еліміздің медиа саласын әр тараптан емес, ортақ мүдде ая­сын­да дамытуды көздейміз. Бұл ау­қымды шараның көздеген тағы бір мақсаты – ел тұрғындарының ме­диасауаттылығын арттыру, ме­диамәдениетті қалыптастыру, – деді министр.

Форумның алғашқы күнінде сериал өндірісі сараланып, азу­лы спикерлер сапалы туынды әзір­­леу жайлы тәжірибе бөлісті. Бұл күні белгілі Star Media ки­но­ком­паниясының өкілдері арнайы дәрістен бөлек, бейресми форматта сарапшылармен пікір алысты. Бұ­дан бөлек шараға қатысушылар 20 кинокомпанияның жұмысымен етене танысу мүмкіндігіне ие бол­ды. Қытайлық, продюсер У Цзян: «Менің продюсерлігіммен тү­сірілген фильмдердің бірі Алма­тыда көрсетілді. Көрермендер жы­лы қабылдады дей аламын. Бү­гінде Қазақстан мен Қытайдың мә­дени байланысын нығайтуға үлес қосуға күш салып жүрмін. Ор­тақ жобалар тууы да ықтимал» де­се, түркиялық продюсер Альп Та­ныр: «Қазақстанда реалити шоу жасау жағы қиындау екен. Әлем­­дік телекеңістікке сіңіп кет­­кен жобалар бұл елдің нары­ғы­на жат. Меніңше, саланы қаржы­лан­дыру мен маман тартуға үлкен көңіл бөлу керек. Сондай-ақ Қа­­­­­­­зақстандағы телеконтенттің ерек­шелігі әлемде телесала көңіл кө­теретін жобаларымен құнды бол­са, сіздерде жаңалықтармен, әлеу­меттік ток шоулармен сұра­ныс­та. Осы бағыттарда жұмыс жүр­гізу қажет деп ойлаймын» деп, қа­зақстандық телесаланың бүгінгі жай-күйіне тоқталды.

Алайда отандық телеар­на­лары­мыз өзімізді былай қойғанда, көр­ші елдердің ықыласына бөленген теле­хикаяларды ұсынуда көштен қалып отырған жоқ. Отандық ки­ноин­дустрияның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген арналарымыз аз емес.

Сондай-ақ шара аясында бір­­не­ше панельді сессия ұйым­дас­ты­рылды. Берісі Ресей, арысы Үн­дістаннан нағыз майталман ма­мандар келіп, тәжірибе бөлісті. Сарапшылардың талқысына жар­нама және оны ақпарат құрал­дарында тарату тақырыбы ұсы­нылды. Сонымен бірге жар­­­­нама нарығы, маркетинг бойын­ша ше­берлік дәрістері ұйым­дас­тырылды.

Кездесулердің интерактивті фор­маты қызықты болды. Мә­се­­лен, БАҚ қолдау қорының ди­­­­рек­­торы Махаббат Есеннің қа­­тысуымен MEDIA TALKS «Мак­симум репост» атты бейресми кон­ференция өтсе, «Ұрпақтар тео­риясы» коммуникативті алаңның бас­ты тақырыбына айналады. Мұ­нда арнайы бейнематериалдар ұсынылды.

«Қазмедиа Орталығы» ковор­кин­гінде «TRENDZONE: қазір дәл уақыты» атты журналистердің, PR кеңесшілердің, дипломаттардың, ғалымдардың, баспагерлердің, оқытушылардың және жасаушы­лар­дың қатысуымен ашық бір­лес­кен семинарлар мен медиа-дәріс­тер өтті.

Озгур Юрул – Түркиядағы ең ірі İhlasHaberAjansı ақпараттық агент­тігінің өндіріс директоры. Ол «Әлемдегі ыстық нүктелерде жаңа­лықтар жасау» бойынша ше­берлік сағатын өткізсе, StarMedia компаниясының вице-президенті Никита Трынкин сәтті теледидар өндірісінің құпиясымен бөлісті. Kwendi Media Branding-тен кел­ген украин спикері Андрей Тара­нов цифрлық дәуірдегі ТВ бренд­тері­нің маркетингі, цифрлы адам­дар­ды қызықтыратын жарнамалық чип­тер туралы әңгімеледі.