Димаш қытай оқулықтарында

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің есімі қытай оқулықтарына енді.

Димаш қытай оқулықтарында
дереккөзден

Бұл туралы ақпаратты Димаштың өзі Instagram парақшасында жариялады. Кітаптағы иероглифтердің тұсында әншінің ақ-қара түсті фотосы тұр. Төменде оқушыларға Д.Құдайберген туралы бірнеше сұраққа жауап беру сұралған.

«Өзіңді Қытайдағы мектеп оқулықтарынан көрген қандай жағымды», - деп жазды әнші.