Алматыда лаңкестік жасамақ болған Тәжікстан азаматтары сотталды

Қазақстан соты Алматыда лаңкестік жасамақ болған Тәжікстаннын төрт азаматын соттады.

Алматыда лаңкестік жасамақ болған Тәжікстан азаматтары сотталды
дереккөзден

Today.kz ақпарына сәйкес, сотталғандар өздеріне бұйрықты Ауғанстандағы «Шахамад» есімді рухани көсемдері бергенін мойындады. 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың қаңтарына дейін содырлар Иверско-Серафимовский монастырінде және «АТФБанк» ғимаратында жарылыс жасауға дайындалған.

Қылмыскерлердің тұрғылықты жерін тінту барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қару-жарақ, оқ-дәрілер, граната, жарылыс заттарын дайындайтын құралдар тапқан.

Сот оларды 12 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды.