Өз-өзіне қол жұмсаған жоқ - Хамитованың туғандары

Superstar.kz жобасының финалисі болған әнші Жанар Хамитованың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарды туғандары жоққа шығарды. Бұған дейін ІІМ аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Өз-өзіне қол жұмсаған жоқ - Хамитованың туғандары

Жанардың ағасы Тиышбек Хамитов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында «Жанар өз-өзіне қол жұмсамады, жүрегі тоқтап қалды», деді. «Екі күн бұрын үйге келген. Үй жинап жатқанында қайтыс болып кетті. Жүрегі ауыратын, уайым бар, сондықтан солай болған шығар», - деген ағасы қазір отбасының қайғыдан қан жұтып отырғанын айтады.

Еске салсақ, әнші Жанар Хамитова 30 жасында өмірден озды. Қайғылы жағдай 16 қыркүйекте Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында оның ата-анасының үйінде болды.