"Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «оралман» деген сөзден арылып, оның орнына «қандасты» қолдану қажеттігін айтты.

"Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады"
дереккөзден

«Бұған дейін айтқанымдай тарихи Отанына оралғандарға Оралман емес Қандас деп айту керек. Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады», - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Ашық дереккөздегі ақпарға сәйкес, 25 жылдың ішінде Қазақстанға 957 764 қандас оралған.