iPhone алу үшін кезекте 3 күн тұрды

IPhone-ның жаңа түрі сатылымға шықты.

iPhone алу үшін кезекте 3 күн тұрды
Reuters
РИА Новости ақпарына сәйкес, Мәскеуде телефонның жаңа түрін сатып алмақ болған алғашқы адам кезекке 17 қыркүйекте тұрыпты.

«17 қыркүйектен бастап осы маңды торуылдап жүрмін. Ол күні мұнда кезек болмады. Сол күні күндіз, кешке және түнде келіп кетіп жүрдім», – дейді Алексей есімді тұтынушы.

Жігіт өзіне iPhone сатып алуды көздемеген. Ол тек өзінің кезегін сату үшін осында тұр. «Маған бұл орынды ұстап тұру үшін 30 мың рубль ұсынды», - дейді ол.

Apple компаниясы 10 қыркүйекте үш жаңа смартфон - iPhone 11, iPhone 11 Pro және iPhone 11 Pro Max назарға ұсынды. Қазақстанда iPhone 11 сатылымға 27 қыркүйекте шығады. 20 қыркүйектен бастап сатушылар телефонға тапсырыс қабылдай бастайды.