Ақтөбеде аса қауіпті қылмыскер ұсталды

Ақтөбеде аса қауіпті қылмыскер құрықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Ақтөбеде аса қауіпті қылмыскер ұсталды
дереккөзден

Тамызда 30 жастағы ер адам тапа-тал түсте Құрашасай ауылының екі тұрғынын пышақтап, ізін суытқан.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыскердің ізіне түсті. Жедел қызмет қашқынның соңына түскенімен, оны бір айдан аса уақыт табу мүмкін болмады. Кейін анықталғандай ол өз туысқандарының құрылысы аяқталмаған үйінің шатырында жасырынған», - деп хабарлады полиция.

Күні кеше қашқын құрықталды, ол қалаға жақын жерде сайын далада жасырынған. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.