Президент алғысхаты

Газет мақаласы "Айқын" газеті №145

Тіл мерейі – ел мерейі. Қа­зақ тілінің қамын ойлап жүр­гендер алғыссыз қал­май­ды. Оларға Ақорда тө­рін­де Мемлекет басшысы­ның атынан құрмет көрсе­тілді.  

Президент алғысхаты

«Тіл туралы» заң қабыл­дан­ғанына – 30 жыл. 1989 жы­лы 22 қыркүйекте алғаш рет «Қа­зақ Кеңестік Социалистік Рес­пуб­ли­касының тіл туралы» заңы шықты. Заң тілдің айбыны мен ай­барын бағдарлайтын құралға ай­налды. Ел болып, етек-жең жи­науға көмектесті. 1995 жылы қа­зақ тілінің мәртебесі бекіді. Оған 1995 жылғы Конституция се­беп болды. Содан бері ана ті­лі­мізде ісқағаз толтырылып, ұл­таралық қарым-қатынас тіліне ай­налды.

Президенттің баспасөз қызметі «Ана тіліміздің абыройын арт­тырып, айбарын асырған, мәр­тебесін бекітіп, мерейін өсір­ген атаулы датаға байланысты рес­публика шеңберіндегі тіл жанашырларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысхаты берілді» деген хабар та­рат­ты.

Ақордада тіл жанашырларына деген Президенттің ілтипатын Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев жеткізді. Олар­­­дың қатарында Мырзатай Жол­­дасбек, Өмірзақ Айтбаев, Мұхтар Шаханов, Амангелді Ай­талы, Смағұл Елубай, Асылы Осман, Сәуле Мешітбай, Сай­лау Батырша-ұлы, Кенжехан Ма­тыжанов, Мереке Құлкенов, Шәм­шидин Пәттеев, Дос Кө­шім, Қайнар Олжай, Камал Әл­пейісова, Еркін Қыдыр, Вла­дис­лав Тен, Максим Рожин сияқ­ты мемлекеттің тілдің тағдырына алаң­дап, кең таралуына үлес қо­сып жүрген зиялылар ма­рапат­талды. Сондай-ақ «Ана тілі», «Жас қазақ» газеті мен Алматы облыстық «Жетісу» те­леарнасының «Тіл сақшысы» бағ­дарламасы ұжымына да ал­ғыс­хат табысталды.