Президенттік саябақ аумағандағы қоймадан өрт шықты

Елордадағы президенттік саябақ аумағында өрт шықты. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлады.

Президенттік саябақ аумағандағы қоймадан өрт шықты
© сурет ашық интернет көздерінен

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне сағат 16:59-да Президенттік саябақ аумағындағы қоймадан өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесі 40 тоннаны контейнермен оған жапсарлас салынған қойманың өртеніп жатқанын анықтаған.

«Қабылданған шаралардың арқасында 60 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 17:09-да сөрдірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге елорданың ТЖД жеке құрамының 15 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды», – деп хабарланды комитеттен.