Атырауда студентті көлік қағып көз жұмды

Атырауда жаяу жүргінші өтетін жолдан жүріп бара жатқан жас жігітті иномарка қағып, қаза тапты. Бұл туралы "Ақ Жайық" хабарлайды.

Атырауда студентті көлік қағып көз жұмды
Фото - instagram/million_kz001

Қайғылы жағдай сенбі күні таңертең Баймұқанов көшесінде болған. Ресейлі мемлекеттік нөмірі бар «Toyota Camry» маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіелер жолағынан өтіп бара жатқан 2002 жылғы жас жігітті жоғары жылдамдықта зулап келіп, қағып кеткен.

Әлеуметтік желіде жол апатының бейнежазбасы пайда болды. Кадрда көліктің жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келе жатқаны және жүргіншіні қағып кеткенде оның бірнеше метрге ұшып кеткенін көруге болады.

Атырау қаласы полиция Департаменті апатқа себеп болған автокөлік жүргізушісі уақытша қамау изоляторына жеткізілгенін хабарлады. Адам өліміне себеп болған жол-көлік апаты үшін ҚР ҚК 345 бап 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қаза тапқан Атыраудағы колледждердің бірінің үшінші курс студенті.