Джеки Чан Абайдың өлеңін оқыды

Танымал актер Джеки Чан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челленжге қатысты.

Джеки Чан Абайдың өлеңін оқыды
дереккөзден

«Досым Ерлан Қариннен Қазақстан Президенті бастаған поэзиялық челленжді қабылдадым», - деген Джеки Чан Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін өлең формасында оқыды.

Ерлан Қарин мен Джеки Чан осы жылдың сәуірінде кездескен еді. Сонда актерге қазақстандықтарды Сириядағы соғыс аймақтарынан құтқару фильмі көрсетілді.

Ал бұған дейін челленжге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, ресейлік сазгер Игорь Крутой, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов т.б қатысты.