Шамалғандағы апат: балалардың бірі есін жиды

Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасы Шамалғандағы жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын хабарлады.

Шамалғандағы апат: балалардың бірі есін жиды
Фото: Tengrinews.kz

Басқарма ақпарына сәйкес балалардың бірі есін жиған.

«Бес жасар қыз есін жинады. Оны жасанды тыныстау аппаратынан шығарды. 23 қыркүйекте емді әрі қарай жалғастыруы үшін профильді бөлімге ауыстырылады. Жағдайы ауыр, динамикада тұрақты», - деп хабарлады басқарма. Ал екінші баланың жағдайы өте ауыр екенін айтады.

Шамалған теміржол өткелінде болған апат салдарынан екі бала мен бір әйел зардап шеккен еді. Оларды Алматыдағы емханаға 19 қыркүйекте жеткізді.