Әбжаппаровты "Путин-әке" деп атайды

Қырғызстандағы Сузақ ауданы Сафаровка ауылының тұрғыны Медетбек Әбжаппаровты ауылдастары "Путин-әке" деп атайды.

Әбжаппаровты "Путин-әке" деп атайды
Фото: Sputnik Қырғызстан

Sputnik Қырғызстанның ақпарынша, Медетбек көктем келсе, тракторды тізгіндеп, шаруаларға өнім жинауға қолғабыс етеді, ал қыста Жалал-Абадта такси айдайды.

Оның сыныптастары Владимир Путин президент болып сайланғаннан бері Медетбектің Ресей басшысымен ұқсастығын байқаған.

«Бар сыныптастары мені «Путин» деген, енді ауыл тұрғындары да солай дейді. Шамасы, көбі менің шын есімімді ұмытқан сыңайлы», - дейді М.Әбжаппаров.

Мектепті аяқтағаннан кейін ол Красноярскқа жұмысқа кетеді. Оның сөзінше ондағы адамдар да Медетбектің Ресей басшысымен ұқсастығын байқаған.

«Қара жұмысты тастап мемлекеттік қызметке ауысуға, немесе Қызыл алаңдағы Ленин мен Сталиннің егіздерімен бірге жұмыс жасауға ұсыныс білдірді», - дейді өзі.

Медетбек жергілікті такси жүргізушілері «Путин-әке келді» деп өзін кезексіз өткізетінін, көп қала тұрғындары таң қалып, одан ұлтының кім екенін сұрайтынын айтады.

М.Әбжаппаров саясатқа қызықпайды, алайда Ресей президентімен ұқсастығы оған стимул береді.

Путин оның үлгі тұтар тұлғасы, болашақта Ресей басшысымен кездескісі келеді.