ШҚО-да жолаушылар автобусы аударылды: зардап шеккендер бар

Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусы аударылды деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

ШҚО-да жолаушылар автобусы аударылды: зардап шеккендер бар
дереккөзден

«25 қыркүйек Алматы-Өскемен тас жолының 812 шақырымында автобус аударылып, жол-көлік апаты болды (мемнөмір 812LKB05). Ақпарат бойынша, автобус жүргізушісі қалғып кеткен», - деп хабарлайды министрлік.

Автобуста 25 жолаушы болған. Екі адам зардап шекті.

Автобустың жолға шығу рұқсаттамасы жарамды, апат орнына сәйкесінше арнайы белгілер орнатылды дейді министрлік.

"К-Дорстрой" АҚ өкілдері мен Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінің мамандары оқиға орнына аттанды. Апатқа қатысты өзге деректер тексерілуде.