Спортшы қыздар үзілген әнұранды іліп әкетті

Үндістанда өтіп жатқан ватерполдан Азия біріншілігі жарысында Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытай құрамасын жеңді.

Спортшы қыздар үзілген әнұранды іліп әкетті

Ойын алдындағы дәстүрлі әнұран ойнап жатқан кезде сегізінші секундта әнұран тоқтап қалады. Дегенмен, отандастарымыз еш саспастан әнұранды өздері орындап іліп кетіп, бар стадионның қошеметіне бөленді.