Пара алған экс-шенеунікке сот үкім кесті

Өскемен қалалық №2 соты ШҚО қоғамдық денсаулықты сақтау Департаментінің экс-басшысы болған Ғазез Сүлейменовке шешім шығарды.

Пара алған экс-шенеунікке сот үкім кесті
дереккөзден

Шенеунік пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған еді. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлайды.

Қылмыстық іске сәйкес айыпты қол астындағылардан қамқорлық пен ыңғайлы жұмыс шарты үшін 700 мың көлемінде пара алған.

Соттың шешімімен Сүлейменовке 24 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды. Айыпты өмір бақи мемлекеттік қызметке тұра алмайды.