Кейбірінің пәтері бар болып шықты - Абаев шеруге шыққан әйелдер туралы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Открытый диалог» бағдарламасында Нұр-Сұлтанда өткен көпбалалы аналардың шеруіне қатысты пікір білдірді.

Кейбірінің пәтері бар болып шықты - Абаев шеруге шыққан әйелдер туралы
дереккөзден

Мемлекет өз міндеттерінен бас тартпайды деген Абаев «Бірақ қазір шеруге шыққандардың бәріне пәтер беретін болсақ, онда ертең пәтер үшін бәрі шеруге шығатын болады», - деді.

«Мұнда атап өтерлігі шеруге шыққан әйелдер пәтерді кезексіз беруді талап етіп отыр. Ал бұл мемлекеттік көмекті дұрыс бөлу заңдылығын бұзады. Бұл жайттардан кейін көбінің еңбекке қабілетті жұбайларының бары, кейбірінің баспаналары бары анықталды. Несиелері өтелген, әлеуметті көмек те беріледі екен», - деді Абаев өз сөзінде.

Министр мемлекет әлеуметтік әлсіз топтарға оларға шеруге шықсын, шықпасын кезекпен көмек көрсететін болады деп түйіндеді.