Аграрлық несие корпорациясы елдің 3,13 млн га егіс ауданын қаржыландырды

Қазақстанда егіс алқабында астық жинау науқаны аяқталуда. Осы орайда агрокәсіпті қолдаудың маңызды құралы – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасы болып табылады. 2019 жылы АӨК субъектілерін кредиттеуге мемлекет 60 млрд теңге бөлді. Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7% дейін. Аталмыш қаражатқа екі мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері айналым қаражатын толтырып, тұқым сатып алды, 3,13 млн га алқапта егіс және жинау жұмыстарын өткізді. Бұл туралы "Қазагро" ұлттық басқарма холдингі хабарлайды.

Аграрлық несие корпорациясы елдің 3,13 млн га егіс ауданын қаржыландырды
дереккөзден

60 млрд теңгені құрайтын тиімді қарызды аграршылар кредиттік серіктестіктер (КС) арқылы алды. Серікстестіктер арқылы берілген қарыз сомасы – 13 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 33 млрд теңге екінші деңгейлі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары (МҚҰ), өңірлік инвестициялық орталықтар (ӨИО) арқылы берілді. 14 млрд теңге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары арқылы тікелей таратылды.

«Қаражатты облыстар бойынша бөлу кезінде өңірлердің кредиттік қаражатқа қажеттілігі ескерілді. Деректерге сәйкес «Кең дала» бағдарламасы бойынша қаржыландырудың 80% астық егуші облыстарға таратылды: Ақмола облысы – 19,3 млрд теңге, Қостанай облысы – 12,4 млрд теңге және Солтүстік Қазақстан облысы – 16,3 млрд теңге. Қалған 20% еліміздің өзге өңірлерінің өтінімдері бойынша бөлінді» - деп атап өтті баспасөз туры барысында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақмола облыстық филиал директордың орынбасары Олжас Баймаханов.

БАҚ-қа арналған аталмыш шара Ақмола облысында «Барыс 2011» ЖШС-інің аумағында өтті. Кәсіпорын директоры Болат Таңатаров Аграрлық несие корпорациясы өнімдерін пайдалану тәжірибесін таныстырып, агрокәсіпті дамытуға арналған бағдарламаның барлық басымдықтарын атап өтті.

Аграрлық несие корпорациясы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту жөніндегі жұмысты жандандыра түсті. Бұл бағдарлама кәсіпкерлерді қаржыландыру сомасын төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша беру мүмкіндігін кеңейте түсті. Бұл бағдарламаға агрокәсіптің 200-ден астам өкілі қызығушылық танытты, бұл ретте 47 АӨК субъектісі қаржыландырылды.

Анықтама үшін: 2019 жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингі институттары арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізуге 143 млрд теңгеден артық қаражат бөлінді. Атап айтқанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 3 860,5 мың га артық егіс алаңын өңдеу үшін жалпы сомасы 70,1 млрд теңгеге 2 276 АШТӨ қаржыландырылды, оның ішінде бюджеттен тыс көздер есебінен - 730,1 мың га егістік алаңына 10,1 млрд теңгеге 269 АШТӨ қаржыландырылды.    

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Егінжай» бағдарламасы бойынша 171 қарыз алушыны 0,7 млрд теңгеге қаржыландырды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ көктемгі егіс және жинау жұмыстарын өткізу үшін 72,8 млрд теңге сомаға 4 217 қаржы лизингі шартын жасады, оның ішінде көктемгі егіс жұмыстарына – сомасы 37,9 млрд теңгеге 2 472 шарт жасалды.