Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров тұтқындалды. Бұл туралы ҚР жемқорлыққа қарсы Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.

Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалды
Бағдат Манзоров/дереккөзден

«Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоров мырза расымен тұтқындалды. Біз мұны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторында, оның әрекеттері нақты қаралуда», - деді О.Бектенов.

Оның сөзінше басқа ақпараттар әзірге хабарланбайды.

2008 жылдан 2017 жылға дейін Бағдат Манзоров Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болды. Кейіннен Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 2019 жылдың шілдесінен бастап Алматы облысының әкімінің орынбасары болды.